ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ГАЗ ҚҰЙЫЛҒАН АВТОЦИСТЕРНА АУДАРЫЛДЫ

18:02, 30 желтоқсан 2019

Желтоқсанның 29-ы Қызылжар ауданында «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы  бар тас жолдың 506-шы шақырымында газ тасымалдайтын «Mersedes» автомашинасының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жолдан шығып кеткен.  

Салдарынан ауыр жүк көлігі жолдың шетіндегі жыраға аударылды. Цистернасы газға толы көлік Ресейдің Екатеринбург қаласынан Нұр сұлтанға жол тартқан екен. Ресми орган өкілдерінің мәліметінше жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Кешеден бері сол маңда  төтенше жағдайлар, жедел жәрдем қызметі және полицейлер кезекшілік атқарды. 

РҮСТЕМ ЖҰМАҒАЛИЕВ, СҚО ТЖД ДАҒДАРЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлікті ойпатқа қарай бұруға мәжбүр болған. 17 тонна метан толы автоцистерна аударылғанымен , зақым келмеді. Сондықтан қауіптенуге негіз жоқ. Жүргізуші аман. Медициналық жәрдемге мұқтаж емес. Енді күн жарықта күре жол уақытша жабылып, автоцистерна кранмен көтеріледі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...