ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

«HALYK BANK» ФИЛИАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

17:53, 7 желтоқсан 2018

Жаңа Халық жаңарту бағдарламасының аясында Петропавлдағы Медведев, 4 мекенжайы бойынша орналасқан Халық Банкінің бөлімшесі күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылды.  Филиал өз клиенттеріне жоғары деңгейде қызмет көрсетпек. Сондай-ақ мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үшінші касса ашылды.

Күрделі жөндеуден өткен «Халық Банкінің» бұл бөлімшесі өз клиенттеріне қайта қызмет көрсете бастады. Оның салтанатты ашылуына ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиалының директоры Диас Мэлс және Оңтүстік Орал Теміржолының Петропавл қалсындағы бөлімше басшысы Петр Мелашенко қатысты.

ДИАС МЭЛС, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Күрделі жөндеуден кейін жаңартылған банк бөлімшесінің ашылуы әрине халыққа өте жақсы. Барлық қызметтер клиенттерге бұрыңғыдан да қолжетімді болады. Әсіресе бұл бөлімше темір жол вокзалы маңында орналсақандықтан жол жүретін қызылжарлықтарға және жақын жерлердегі мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлерге өте ыңғайлы.

ПЕТР МЕЛАШЕНКО, ОҢТҮСТІК ОРАЛ ТЕМІРЖОЛЫНЫҢ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БӨЛІМШЕ БАСШЫСЫ:

Жөндеу жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілген. Біздің мекеме 2000-шы жылдан бері осы банктің қызметтерін қолданып келеді.Барлық қызметкерлеріміз осында еңбекақысын алады. Әрине жұмыс орнымыздың жаңында осындай жайлы бөлімшенің бары қуантарлық жайт.

Бөлімшедегі басты жаңалық ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3-ші кассаның пайда болуы. Енді мүгедек жандар өздеріне қажет болған қызмет түрін еш қиындықсыз осы жерден алады. Сонымен қатар күту залы да барлық қажетпен жабдықталып, жаңартылған. Коммуналдық төлемдер, бір шоттан басқа шотқа қаржы аудару, мемлекеттік баждарды, МАИ айыппұлдарын және басқа да төлемдерді тұрғындар өздері жүзеге асыра алатын терминалдар орнатылған. Бөлімшеде банктің арнайы дизайнімен безендіріліген валюта айырбастау таблосы пайда болды. 

САИДА ҚАБЖАНОВА«HALYK BANK» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа халық бағдарламасының аясында Медведев көшесінде орналасқан бөлімшеде үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл филилал зейнеткерлер, темір жол вокзалында жұмыс істейтін қызметкерлерге және колледж стунеддетірен қызмет көрсетеді. Барлығы 7 маман яғни 3 кассир, 2 менеджр, 1 менеджер-кеңес беруші және бөлім меңгерушілері жұмыс істейді.

Бөлімшенің қабырғасы жағымды түске боялып, еден толықтай жаңартылған. Енді вокзал маңайында тұратын қызылжарлықтар өздеріне қажет банктік қызметтерді осы жайлы кеңседен ала-алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
20:06, 16 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...