ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

ИНТЕРНАЦИОНАЛ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ

20:57, 12 ақпан 2019

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына биыл 30 жыл толады. 1989 жылдың 15 ақпанында КСРО халқы Әмудария өзеніндегі көпірдің үстінде Ауғанстаннан қайтқан 40-армияның жауынгерлерін салтанатпен қарсы алды. Осы оқиғаға байланысты 15 ақпан Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні деп жарияланды.

Облыстық архив мамандары  «Қатерлі жылдарды еске алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, келушілердің назарына архивтегі құжаттар көрмесін ұсынды.

Кеңес әскері Ауған жерінде 9 жыл 1 ай  19 күн соғысты. 1979-1989 жылдар аралығында Орталық Азияға Кеңес әскерінің 600 мыңнан астам жауынгері жіберілді. Оның 14 мыңы  үйлеріне оралған жоқ. Жат елдегі майданда Солтүстік Қазақстан облысының  46 азаматы көз жұмған.  Бүгін өңірде 93 интернационал жауынгер тұрып жатыр. Солардың бірі Жайлау Шәріпов.

ЖАЙЛАУ ШӘРІПОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Атқыштар покінің құрамында Файзабатқа барып, Ауғанстанның солтүстігінде қызмет жасадық. Біздің мақсатымыз сол жерге басқа жат жұрттың әскерін кіргізбей негізгі нысандарды қорғау. Жергілікті тұрғындармен жұмыс жасадық. Жақын туысқандарымыз біздің ол жерде болғанымызды білген жоқ.    

Жоламан Мұхаметжанов 1986 жылы 18 жасында әскерге шақыртылды. Сол жылдың 22 сәуірі жауынгердің есінде әлі бар. Таңғы сағат 5-те дабыл соғылып, сарбаздарды әуелі Новосібір, Бийск кейін Ташкентке әскери оқуға жібереді. Жоламан Мұхаметжанов граната атқыш ротаға түскен. Жауынгер парашютпен секіруді үйреніп, Ауғанның Құндыз провинциясына жөнелтіледі.  

ЖОЛАМАН МҰХАМЕТЖАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Қатал тәсілдермен бізді үйретіп, қару жарақтардың түріне, қалай қолдану керектігін үйретті. Көп дайындады. 5-6 ай. Әскери тәсілдерге өзіңді, жолдастарыдың өмірін сақтап қалуға жаттықтырды. Соғыста 4 ай болдым. Талай қиыншылық көрдім.

Дөңгелек үстел өткізілген облыстық архивте ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің 37 жеке ісі сақталған. Олардың барлығы құжаттар көрмесіне қойылып, келушілердің назарына ұсынылды. Бүгінгі іс шарадан кейін архив қоры баи түпек.

СӘУЛЕ  МӘЛІКОВА, СҚО АРХИВТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Естеліктері, бізге қалдырған, ерлік беттері болып саналады. Ауған соғысына қатысып, естеліктерін айтқан жауынгерлерді біз видеоға тісіріп, архивімізға қосамыз. 

Шараға шақыртылған жастар үшін бұл ерлік сабағы ретінде болды. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
17:55, 25 сәуір 2019
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...