ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

18:33, 15 ақпан 2019

10 жылға созылған Ауған жеріндегі сұрапыл соғыста 46 жерлесіміз қаза болды. Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Осы  айтулы датаға орай петропавлдықтар интернационалдық борышын өтеген батырларды еске алып, Ауған соғысы жауынгерлерінің ескеркішіне гүл шоқтарын қойды.

Ауған жерінде екі жыл интернационалдық борышын өтеген Асхат Қосқанов та бүгін қаза болған қарулас жолдастарын еске алуға келіпті. 18 жасында әскер қатарына шақыртылған ол жарты жылдан кейін қан майданның ортасынан  шығады.

АСХАТ ҚОСҚАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Біз ол жерге 18 жастағы жаңа ғана өмірдің былай айтқандаөмірге жаңа ғана қадам басып жатқанда Ауған жеріне бардық. Ол жерге барғанда бұл әлеммен, бұл мемлекетпен анау Ауғанның мемлекетін салыстыруға болмайды. Бұл жарық дүние болса, анау қараңғы дүние болды. Біз ойымызды да, сана сезімімізді де билей алмадық. Ондай дүниені көрмеген. Ондайды білмеген кинода ғана көрген. Сосын өзіміз-өзімізге қайрат жігер беріп сол жерде қызмет атқарып келдік

Ауған соғысына Қазақстаннан 27 000 адам қатысса, оның 1500-і солтүстікқазақстандық. Өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар батырларымыз интернационалдық борыштарын толығымен өтеді. Өйткені 26 жерлесіміз сол майданда көз жұмды. Ескерткіш маңына жиылған қалың жұртшылық батырлардың рухына тағзым етіп, ескеркішке гүл шоқтарын қойды.

Келушілердің қатарында соғысқа қатысқан жауынгерлер мен ардагерлердің туған туыстары, қала тұрғындары, жастарға дейін жүр. Олар батыр жауынгерлеріміздің рухына тағзым етіп, еске алды.

Менің күйеуім қатысты ол соғысқа. Аман есен оралды. Соған тәуба. 1980-1982 жылдары әскери борышын өтеді. Оның сау саламат келгеніне өте қуанамыз, ал аман қалған басқада Ауған соығысынң ардагерлеріне амандық, отбасыларына береке-бірлік тілеймін.

Мұнда Ауған соғысының жауынгерлеріне құрмет көрсетуге келдік. Өзіміз көрмесек те, сол қырғында болмасақ та бұл соғыстан жақсы хабардармыз. Ата-аналарымыздан, мектепте мұғалімдерімізден естідік. 10 жылға созылған сұрапыл соғыста көптеген жжерлестеріміз көз жұмды. Біз мұны ұмытпаймыз.

Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлермен ардегерлерге құрмет көрсетіп, оларды еске алу шаралары ел көлемінде өтіп жатыр. Ал, облыста кейбір аудандарда интернационал батырлардың құрметіне мемориалды тақтайшалар да орнатылды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...