ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

17:52, 7 желтоқсан 2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарды көлік жүргізуге үйрету үшін «Тең жол» арнайы автомектебін ашқан петропавлдық кәсіпкер Сәлімхан Сәбитовке Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко автокөлік сыйлады. Қуанышты сәт Қазақстан Халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы алдында өтті. Жалпы жыл сайынғы дәстүрлі форумға «Нұр Отан» партиясының хатшысы, облыс әкімінің орынбасары, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет алғыс білдіріп, еліміздің тыныштығы мен бірлігі, халықтар достығы Ассамблеядағы ұлттар мен ұлыстардың тұтастығының жемісі екендігін атап өтті. Форум мақсаты Елбасы бағдарламаларының орындалу тәртібін бақылау дейді мамандар.

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО6 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ–ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Елбасы Рухани жаңғыру және Бес әлеуметтік бастама бағдарламаларының орындалуын қадағалауды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясына жүктеді. Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті бюджеттің тиімді игерілуін де бақылауға алды, өйткені биыл алғаш рет ауылдық округ әкімдері өз бюджеттерін бөліп алды, сондықтан да оның әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы өте маңызды. Бүгін біз форумда осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту тақырыбын көтердік.

Форумда ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қоғамдық бақылаумен қамтамасыз етудегі қызметтің басым бағыттары мен нәтижелері қаралды. Сондай-ақ, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған басқа да жобалардың қорытындылары шығарылды.

ФАРХАД ҚУАНҒАНОВ6 «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- Қоғамдық келісім кеңестері бүгінде азаматтардың арыз-тілегін мінбердегілерге жеткізіп жүрген үлкен ұйымдардың бірі. Ал ассамблеямен орнатылған тығыз байланыс біздің ортақ ісіміздегі мақсатқа жетуге едәуір септігін тигізеді. Партия мен ассамблеяның бірлескен жұмысы алға қойған жоспарларды орындауға күш салмақ.

Бұл күні Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко мүмкіндігі шектеулі жандарды көлік жүргізуге үйрету үшін арнайы «Тең жол» автомектебін ашқан петропавлдық кәсіпкер Сәлімхан Сәбитовке автокөлік сыйлады. Жалпы Петропавлда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, сондықтан да мұндай автомектеп ауадай қажет дейді кәсіпкер.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ6 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН «ТЕҢ ЖОЛ» АВТОМЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

- Келесі немесе арғы жұмада автокөлікті мен Челябі қаласына апарып, арнайы деталь құрастырамын. Ол деталь осы мүгедек балаларға оқыған кезде, келешекте жүргізген кезде механизмді ыңғайлы етеді. Ол рөлдің маңында екі педаль қойылады, тормоз бен газ. Аяқтарымен қимыл керегі жоқ оларға, автожобаны ашқан кезде қазір 10 адам бар.

Ел бойынша қоғамдық келісім кеңестері 2013 жылы құрылып, бүгінде құрамында 3000 астам ұйым бар. Олар жыл басынан 16 652 шара ұйымдастырып, оған 1 млн. 100 мыңнан астам адам қатысқан.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
20:06, 16 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...