ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕР АҒАСЫ

20:59, 10 қазан 2018

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза 86 жасында  дүниеден озды. Бұл күллі Алаш жұрты үшін орны толмас қайғы. Қайраткер қаламгер тәуелсіздікке дейін де, егемендік жылдарында да қазақтың жоғын жоқтап, намысын қамшылаған дара тұлға болды.

Халқы қазақтың Шерағасы деп атады. Қайраткер қайтыс болғанымен, артында «Табылған теңіз», «Мылтықсыз майдан» «Интернат наны» «Ай мен Айша» сияқты өшпес шығармалары қалды. Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Сонау Теміртаудағы еңбек жолымның тікелей куәсі болған ол Тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаған жылдарда да жанымда жүріп, елді ілгерілету ісіне зор үлес қосты. Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
18:02, 18 қазан 2018
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ  -  БАСТЫ МАҚСАТ
14:54, 18 қазан 2018
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МАҚСАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...