ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

13:34, 1 шілде 2019

БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында және Журналистер одағының 60 жылдығына орай облыс орталығында жаңалық жаршыларын салтанатты түрде марапаттады.  Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқан бірқатар журналистердің еңбегі еленді.

БАҚ өкілдерінің кәсіби мейрамына орай Журналистер Одағының СҚОФ жылды қорытындылады.

НАЗГҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА,  ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ СҚОФ МҮШЕСІ:

- Бүгін Солтүстікқазақстандық әріптестеріммен кәсіби мерекемізді атап өтуге жиылып отырмыз. Биылғы мерекеміз ерекше, өйткені, Мемлекет басшысы тұңғыш рет арнайы 28 маусым күнін БАҚ қызметінің төл мерекесі деп белгіледі. Бүгінгі салтанатты шарада бір жылғы еңбегімізді қорытындылап, «ең үздіктерді» марапаттайтын боламыз.

ҚР Журналаистер одағынының 60 жылдығына және кәсіби мерекеге орай  сала қызметкрелерінің үздіктері мараматталды. Облыстық журналистер одағының шешіміне сай,  «Үздік редактор» МТРА аға рекдакторы Светлана Дрозецская, «ең үздік фототілші» «Северный Казахстан» баспасының қызметкері Вадим Мударисов атанды. «ең үздік аудандық БАҚ өкілі» атағын «тайыншынские вести» баспасының тілшісі Алла Бочкор иеленді. «Жыл журналисі» номинациясы  облыстық «Хабар» агенттігінің  өкілі Төлеген Имановқа бұйырды. Төлеген Иманов «Хабар» телеарнасының меншікті телеоператоры, алайда жұмыс барысында талай рет әріптестерін ауыстыруға тура келіп, тікелей эфирлерді жүргізген екен. 

ТӨЛЕГЕН ИМАНОВ, «ХАБАР» АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Ең үздік журналист атағын телеоператордың ие болып  отырғаны өте қызықты жағдай болып тұр. Дегенмен, бұл мен үшін өте маңызды марапаттардың бірі. Бұл менің жылдар бойы еңбегімнің еленгені деп есептеймін. Өйткені, бұл салада тосын жағдайдайлар өте көп, осындайда бір-бірімізге көмекке келе алу керекпіз. Журналист, оператор, оператор тілші бола алуы тиіс деп ойлаймын.      

«Литер» баспасының меншікті тілшісі Зәуре Жұмалиева «Қазақстанның құрметті журналисті» атағына ие болды.

ЗӘУРЕ ЖҰМАЛИЕВА, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ:

- Бұл мараматқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Журналистер одағы мүшелеріне менің еңбегімді елегендері үшін алғысымды білдіремін. Мен өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Сүйікті іспен айналысқандықтан ол өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Шара соңы концертке ұласып, мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...