ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ!

20:02, 21 наурыз 2019

Петропавлда Ұлыстың – ұлы күні шаһардың басты алаңдарында кең көлемде аталып өтті. Облыс орталығында киіз үйлер тігіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Алаңда өңір өнерпаздарынан бөлек, эстрада жұлдыздары ән мен биден шашу шашып, театрландырылған көріністер қойылды. Оған қоса спорттық жарыстар өтіп, елімізге белгілі акробаттар арқанда жүруден шоу көрсетті. Облыс орталығында болған мерекенің қызығын толығырақ әріптесім айтсын.

Наурыз – ұлттық мейрам ғана емес, өңірімізді, елімізді мекен еткен түрлі этностардың мәдениеті мен рухани құндылықтарын жақындастыратын бейбітшілік пен татулықтың мерекесі. Бір сөзбен айтқанда  бұл мейрамның орны ерек. Сол себепті наурызды тойлау үшін орталық алаңға халық көп жиналды. Оларды алдымен өңір жетекшісінің атынан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет құттықтады.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрметті солтүстікқазақстандықтар құрметті жерлестер барлықтарыңызды СҚО әкімі Құмар Іргебайұлының атынан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз  меркесімен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз мерекесі мерке мен берекеінің күні. Бұл күні тек қана осы алаңда ғана емес біздің облысымыздың әр ауылында осындай үлкен тойлар өтіп келе жатыр 

Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін, Парсы сөзі. Алты айлық қытымыр қыс бітіп, көктем келіп күн шуағын шашатын уақыт. Сөзімізге айғақ болғандай бұл күні ауа райы да жылынып,  күн шуағын шашты. Бұл да халықтың көңіл күйіне әсер етті. Оған қоса өңір өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, театрландырылған көріністер қойып мерекенің шырайын аша түсті.

Наурыз мерекесі спорттық жарыстарсыз өтсін бе? Алаңда қазақ күресінен сайыс ұйымдастырылды. Одан бөлек киіз үйлер тігіліп, келушілерге бауырсақ, наурызкөже сынды түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды.

Бүгін мәне біздің Қызылжар қаласында наурыз мерекесі өтіп жатыр. Бәрі жақсы. Дәл қазір күрестен жарыс өтуде. Жақсы ұйымдастырылған. Күшті болып жатыр

Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын. Бүгін наурыз мерекесі жақсы болып жатыр.

- Наурыз құтты болсын. Қазақстан хылқына жақсылық тілеймін, денсаулық тілеймін. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Бізде міне қыдыроып келіп жатырмыз Астанадан.

Тағы бір айта кететіні орталық алаңда елімізге танымал акробаттар керілген арқан үстінде жүріп, тұрғындарды таң-тамаша етті.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...