ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

КӨШІ-ҚОН ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17:51, 6 желтоқсан 2018

Петропавлда  ХҚКО-ның көші-қон орталығы ашылды.

Мұндай орталық Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанай қалаларында жұмыс істеп жатыр. Енді олардың қатарына Петропавл қаласы да қосылып отыр. Орталықта еңбек мигранттарына жұмыс істеу үшін рұқсат беру және қайта тіркеу бойынша қызмет көрсетіледі. Осы күнге дейін облыс бойынша 1500 шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат қағазы берілген, яғни күніне 20-25 рұқсатнама құжаты және 7-9 еңбек қағазын ұзартуға өтініш қабылданады. Мұндай өтініш бұрын көші-қон қызметкерлерімен 5 күн ішінде қаралса, енді «бір терезе» қағидаты бойынша 1 сағат ішінде беріледі.

НҰРЛАН АҚПАЕВ, ХҚКО КӨШІ-ҚОН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі уақытта ХҚКО көші-қон орталығы мұнда екі қызмет түрін көрсетеді, ол еңбек мигранттарына жұмыс істеуге рұқсат беру және қайта рәсімдеу болып табылады. 2019 жылдан бастап, шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін беруді жоспарлап отырмыз. Қазірге мұнда 10 адам дүйсенбі мен жұма аралығында, 9-дан кешкі 6-ға  дейін азаматтарды қабылдайды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
17:55, 25 сәуір 2019
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...