ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ҚҰЛАҒЫ МҮКІС БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПКЕ 75 ЖЫЛ

20:56, 12 сәуір 2019

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты өзінің 75-жылдық мерейтойын тойлады. Ерекше балаларға қоғамда өз орнын табуға көмектесетін білім ордасы елімізде арнайы білім беретін ең көне мектептердің қатарында. Қазіргі уақытта қара шаңырақта 3 жастан 18 жас аралығындағы 121 бала оқиды және тәрбиеленеді. Оқушылар сарайында өткен салтанатты іс-шарада мекеменің бірқатар ұстаздары алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталса, енді бірі «Білім саласының үздігі» атанды.

Мұрағат деректеріне сүйенсек 1939 жылы Қазақстанда саңырау-мылқау балаларға арналған 5 мектеп: Алматыда, Алматы облысының Қопал ауылында, Қостанайда, Павлодарда және Петропавлда болған. Көбінің қызметі Ұлы Отан соғысы жылдарында тоқтатылды. 1944 жылы 1 қыркүйекте Петропавл атқару комитеті кеңесінің № 17 шешімімен қаламызда саңырау балаларға арналған мектеп ашылды. Қазіргі уақытта мұнда 80-нен астам мұғалім жұмыс істейді.

ЖЕҢІС ӘБІЛМӘЖІНОВ, «ЕСТУ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ  

- Өзіміздің мерекелік шарамызды біз мектеп қабырғасында өткен халықаралық тәжірибелік конференциядан бастадық. Оған Ресей мемлекетінен келген және еліміздің әр бұрышынан осы іс-шараға арнайы ат басын тіреген қонақтарымыз қатысты. Сонымен қатар, бүгін біз мерейтойға орай мектебімізде көп жылдар бойы еңбектеніп келе жатқан ұстаздарымызды түрлі алғыс хаттар және құрмет грамоталарымен марапаттайтын боламыз.

Александр Кузурман аталмыш білім ордасында 30 жыл бойы еңбек ЕТТІ. Қазіргі таңда құрметті ұстаз зейнет демалысында. Александр Александровичтің айтуынша соңғы 5 жылдың ішінде мектеп және оның тәрбиеленушілері көптеген жетістіктерге жетіп оытр.

АЛЕКСАНДР КУЗУРМАН, АРДАГЕР-ҰСТАЗ:

- Бүгін мектеп тарихында елеулі оқиға. Білім ордасы өзінің 75 жылдығын тойлауда. Осы уақыт аралығында мектепте талай өзгерістер болды. Мен өзім аталмыш мектепке 40 жасымда жұмысқа орналастым.Ең алдымен ұстаз болып жұмыс істесем, кейін директордың орынбасары болып тағайындалдым. Қазіргі кезде мектепке қонақ ретінде барған уақытымда мекеме жаңа технологиялармен, жаңа кадрлармен толыққанын көргенімде қатты қуанамын. Себебі, есту кемістігі бар балалар қоршаған ортаға сіңісуі үшін барлық жағдай жасалуы қажет.

Бүгінде мамандар есту кемістігі бар балалар сөйлей алады және сөйлеуі тиіс деп есептейтіндіктен саңырау балалар термині өзекті емес. Гүлнар Қайырлыбайқызы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, мұғалім-дефектолог. Білікті ұстаз есту кемістігі бар балаларды ана тілімізде сөйлеуге үйретіп жүргеніне 20 жыл. Бұл мектепте қазақ тілін оқыту 2-3 сыныпта басталады.  Гүлнәр Ыбыраева бүгінгі мерейтойда ҚР Білім және Ғылым министрлігіңің Құрмет грамотасымен марапатталды.

ГҮЛНӘР ЫБЫРАЕВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІНІҢ МҰҒАЛІМІ, МҰҒАЛІМ-ДЕФЕКТОЛОГ:

- Бірер жыл бойы тәрбиеші болып жұмыс істедім, содан кейін қазақ тілі мұғалімі болып ауыстым.Естімейтін немесе есту кемістігі нашар балаларға мемлекеттік тілді, қазақ тілін үйрету әрине бұл инемен құдық қазғандай десем болады. Себебі, балаларымыз өз мүмкіншілігіне қарай сабақтарды, тапсырмаларды саралап немесе деңгейлеп береміз.Сыныпта отырған бес абла бірдей болмайды.

Мерекелік шарада бірқатар ұстаздар облыс әкімінің, білім басқармасының, ҚР білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, кеш мектептің «Пульс» халық би ансамблі, «Сэнситив» бал биі ансамблі және басқа да өнер ұжымдары қатысқан мерекелік концертпен жалғасты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...