ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ КӨРКІН АША ТҮСКЕН НЫСАНДАР

21:01, 10 қазан 2018

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласындағы жаңадан ашылған және күрделі жөндеуден өткен бірқатар нысанды аралады. Өңір басшысы саябақтар мен жағажайдың жаңа кейпіне тәнті болды. Көпқабатты үй тұрғындарымен де кездесіп, жаңадан салынған балалар алаңының қауіпсіздігіне көз жеткізді. Қызылжардың көркін ашқан шырайлы жерлерден әріптесім Самат Сапаралы тарқатады.

Қала сыртындағы Пестрое көлінің жағалауы абаттандырылып, жағажай көлемі екі есеге ұлғайтылды. Бұрын қараусыз қалып, қамыс өсіп жатқан 21 мың шаршы метр жерге 31 мың текше тонна құм төселді. Осылайша  енді тұрғындар демалысын өткізетін көрікті жерге айналды. Бұл іске мемлекеттік қазынадан 58 млн. теңге бөлінген.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Алаңның 5400 шаршы метріне кеспе тастар төселді. Одан бөлек абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар алаңы, екі жерден шатыр орнаттық. Жаздыгүні қала тұрғындары мен қонақтары көл жағасында демалулары үшін онда ағаш жатақтар қоямыз. Сонымен қатар орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарық шамдар орнатылды.

Сондай-ақ, 50 шам қойылып, 100 ге жуық тал егілді, 2 көлік тұрағы да ашылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше бұрын бұл жер жеке қолға жалға берілген, алайда оны кәсіпкер пайдаға асырмаған соң мемлекет өз меншігіне қайтарып алды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жағажайға келушілер саны 2 есеге артады. Мұнда яхта клуб ашып, балаларды кішкентай яхталарды басқаруға үйретеміз. Әлі де атқарылатын жұмыстар баршылық, көлді тазалаймыз. Сонымен қатар осы маңдағы мақсатсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекет меншігіне беріп, тұрғындар пайдасына жарайтын орындар ашамыз.

Жамбыл көшесіндегі саябақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Ондағы ұлттық нақышпен жасалған архитектуралық пішіндер көздің жауын алып, саябақтың көркін ашып тұр, - дейді тұрғындар. Мұндай көрікті демалыс орнын ашу үшін қала әкімдігінен 47 млн теңге жұмсалған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің қаламызда саябақтар көп болғанымен осы күнге дейін оларды абаттандыруға ешқандай да қаражат бөлінбепті. Біз бұл мәселені қолға алып отырмыз. Келесі жылы тағы да бұл іс жалғасын табады. Мұндай әсем орындар қаншалықты көп болса, тұрғындардың да көңілдері көтеріңкі болады деп ойлаймын.

Жаңа бастама петропавлдықтардың көңілінен шықты. Кішкентай балалары мен немерелерін ертіп, таза ауада қыдырғанға не жетсін?.

- Қаланың көркі әжептеуір деңгейге көтерілді. Қалалық әкімшіліктің атқарып жатқан жұмысы аз емес. Бірақ оның бәрі Сіздің айтуыңызбен, Сіздің қолдауыңызбен екеніне көзіміз жетеді. Осы тұрған халықтың барлығы осы Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызға көп ризашылығымызды білдіреміз.

- Сізге және қала әкіміне, мұны салуға қол ұшын тигізгендерге үлкен рахмет. Өйткені бұған көп еңбек пен қаражат жұмсалғанын жақсы түсінеміз. Нәтижесі өте жақсы.

Соңғы кездері облыс орталығында ескі бағаналардың орнына жаңа, электрүнемдегіш шамдар орнатылып жатыр. Бірнеше режимде жұмыс істейтін 800 бағанада тоқ көзін 2 есе, қаражатты 12 млн. теңгеге дейін үнемдейтін 2000 шам орнатылды. Бұл мақсатқа 1,6 млрд, теңге бөлінген.

ЮРИЙ БАЦАНОВ, «АПАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жаңа басқару жүйесі арқылы біз көрші Көкшетау және Қостанай қалаларынан деңгейіміз жоғары болып тұр. Ал Қарағандыда бұл жүйе енді енгізіліп жатыр. Бұл энергия үнемдеуде үлкен жаңалық, сондықтан да Сізге алғысымызды білдіреміз.

Бұл орталықта әрбір бағананың жарығын бақылауға болады. Тіпті шамдар жанбай қалған ауданды табу да оңай. Құмар Ақсақалов түнгі уақытта жарықты үнемдейтін жүйені іске қосты. Яғни түнгі сағат 11-ден таңғы 6-ға дейін, адам жүрісі азайғанда орталықтан басқаратын оператор жарық мөлшерін азайтып отырады. М.Жұмабаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында биіктігі 8, ені 12 метрлік шаңырақ орнатылды. Шаңырақ астында үлкен тайқазан мен заманауи орындық қойылған. Түнде түрлі-түсті шамдармен жарық шашатын орында бұдан былай қалалық маңызы бар іс-шаралар өткізіледі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қазақстандықтар бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз. Сондықтан да бұл жерде жастар қатысатын мерекелерден бөлек, түрлі ұлттардың басын қосқан Ассамблеяның шаралары да өткізілгені дұрыс болады.

Қала әкімдігі жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануына да жағдай жасап келеді. Облыс орталығында бүгінде 73 футбол алаңы болса, оның жартысынан астамы көпқабатты үй аулаларында орналасқан. Тек биылдың өзінде 40 млн. теңгеге 10 алаңға жасыл шөп төселіп, күрделі жөндеу жүргізілді. Балалары ғаламтордан бас алып, аулада доп тепкеніне ең алдымен ата-аналар, тұрғындар дән риза.

- Бізге міне асфальт төселді маңайымызға. 10 жылдан бері жүре алмайтынбы, балабақшаға келетін ата-аналар да риза, афтотұрақ та қойылды. Рахмет осындай жағдайларға.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- М.Иманбайұлы да айтып отыр, біраз ата-аналардан сұраныс болып, көшеден өте алмай, кіре алмай, балаларды балабақшадан шығара алмай жүрген екенсіздер. Сондықтан былтырдан бері бірнеше ата-аналардан өтініш жасаған соң, қаражат бөлініп алаңдарды дұрыстап жатырмыз. Әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жасап жатқанымыз.

Қизатов көшесіндегі жаңа саябақ та 19-шы ықшам аудан көркіне сән келтірді. Мұнда жүзден астам ағаш отырғызылып, заманауи орындықтар мен веложолақ та салынды. Алаңды абаттандыру барысында 47 мың текше тонна инертті материал әкелініп, балалар алаңы да салынып, бүлдіршіндердің жарақат алмауы үшін жұмсақ төсеніштер төселген.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
20:06, 16 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...