ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

20:11, 16 желтоқсан 2018

Бүгін еліміз жеке дара мемлекет атанып, азаттың ақ  таңына жеткен Тәуелсіздік күні. Осы бір айтулы оқиғаға байланысты Петропавлда мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Арна тілшілері олардың бірнешеуінде болып, тұрғындармен тілдесіп қайтты. Әріптесіп Нұрсұлтан Тілектесов жалғастырады.

Тәуелсіздік күніне байланысты ұйымдастырылған шаралар С.Мұқанов атындағы қазақ – сазды драма тетары ұйымдастырған концерттен бастау алды. Мұнда жиналған халық тетар актерларын басқа қырынан таныды. Олар сахна төрінде  ән айтып, би билеп, поэзиялар оқыды.

Оған қоса театр актерлері Елбасының сүйікті әндерін шырқап, мерекенің шырайын аша түсті. Бұл залға жиналғандарды патриоттық сезімге балап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ – САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ, ТРУППА МЕҢГЕРУШІСІ:

- Тәуелсіздігімізге 27 жыл толуына байланысыты біздің театрдың жыл сайынғы дәстүрі бойынша. Бұл концерттің мағынасы қайырымдылық аясында да жүргізіледі. Үлкен ардагерлерімізге және жетім балаларға тегін.

Мерекелік шара Қалалақ мәдениет үйі ұымдастырған тағы бір концерттік бағдарламаға ұласты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Бүгін күллі Қазақстандықтар үшін ерекше күн. Өйткені дәл осы 16 желтоқсан күні ата – бабаларымыздың армнаны орындалып азаттықтың ақ таңына жеттік. Осы бір қадірлі де, қасиетті мерекені Қызылжарлықтар ерекше қарсы алуда. Ола Тәуелсіздік стелласы алаңына жиналып, ән айтып, би билеп, мәз мейрам болысуда. 

- Иә, тұрғындар күннің аязына қарамастан отбасылармен бас алаңға жиналды. Мұнда жетпістегі қариядан жетідегі бала дейін  жүр.

- Концер жақсы өтуде. Маған өте ұнады. Мұнда жиналған барлығы көтеріңкі көңіл күймен жүр. Мұнда түрлі ұлттар қосылып ән шырқауда.

Бас алаңнан шығып Сити Молл сауда, ойын сауық орталығына бардық. Мұнда да мерекелік шара өтті. Өйткені былтыр дәл осы күні аталмыш орталық салтанатты түрде ашылған болатын. Міне содан бері Сити Молл шаһар тұрғындарының сүйікті орынына айналып үлгерді.

ДАРЬЯ ШПАКОВА, СИТИ МОЛЛ САУДА, ОЙЫН САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Бүгін біз орталығымыздың 1 жылдығын сондай төл мерекеміз Тәуелсіздік күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып отырмыз. Тұрғындарға арнап ойын сауықтық бағдарлама және сйылықтар дайындадық. Мақсатымыз келушілерге нағыз мерекелік көңіл күй сыйлау. 

Соңғы жылдары  қаламызда осы сынды көптеген нысандар бой көтерді. Тағы біршамасы салынып жатыр. Мұның барлығы Тәуелсіздігіміз жемісу, Елбасымыздың сәлиқалы саясатының арқасы. Ендеше бейбіт күннің қадіріне жетіп, мемлекетіміздің гүлденуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық ағайын.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...