ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

МАҢЫЗДЫ НЫСАН АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

20:31, 20 қыркүйек 2018

«Жас өркен» ықшам ауданында бой көтерген әлеуметтік нысандардың бірі «Оқушылар сарайының» құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір мұнда абаттандыру жұмыстарымен қатар,  ІТ бағытындағы 25 оқу кабинетіне соңғы үлгідегі құрылғылар орнатылып жатыр. Еске сала кетсек, «Оқушылар сарайында» екі елдің басшылары тоғызыншы қараша күні Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында кездеседі.

Оқушылар сарайы 1800 балаға шақталған. Жалпы 158 кабинет болады. Соның ішінде оқушылар сандық технологиялар бағытындағы білімдерін ұштайтын 25 кабинет жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны 3,6 млрд теңге. Ал ІТ құрылғыларына 1,9 млрд теңге жұмсалған. Қондырғылар Германия, Италия, АҚШ,  Қытай және Ресей елдерінен жеткізілген. Бұл электроника және электротехника кабинеті. Мұнда АҚШ тың құрылғылары орнатылып жатыр.

 АЙДАР ӘЛІМБАЕВ, ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

- Бұл Natiоnal instruments кешенінің құрылғылары. Мәселен, 3 деңгейлі электр тізбегінің лабороториялық стенді арқылы оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Әр құрылғыда электротехниканың теориялық негіздері кітапшалары болады, мұнда техникамен жұмыс жасаудың жолдары бар. Содан соң, жасалған зерттеу жұмыстары компьютерге енгізіледі. Мұнда барлық кестелер мен сипаттамалар көрсетіледі. Жұмыс соңында оқушының зерттеу жұмысының маңыздылығына қарай, өндірісте қолдануға мүмкіндік алады.

Нысаның жалпы аумағы 3,1 гектар, ғимарат аумағы 15 мың шаршы метр. Бұл аумақта 15 ұйым, 230-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Ал, бұл - нысанның ең маңызды бөлігі. Дәл осы мәжіліс залында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымықтастық форумында екі елдің басшылары кездеседі. Мәжіліс залында 80 адамға арналған үлкен үстел орнатылады. Жоба жетекшісінің айтуынша, ішкі жұмыстар 90 пайызға жасалды.

 ЖОМАРТ ҚАРСАҚБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Сол жағымызда бейне қабырға, оң жағымызда 2 LED-экран орнатылады және ортада 80 адамға арналған үстел болады. Ғимарттың ауласында шағын архитектуралық нысандар орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылады. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары мен ішкі жөндеу жұмыстарың 90 пайызы жасалды. Бірінші қазанға дейін нысанды тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Нысан 5 бөлікке бөлінген. 1 қабатта оқушы вакумды кинотеатр мен террариум ойын-сауық кабинеттерінде бой жаза алады. 2 қабатта орналасатын коворкинг орталығында, жастар өзінің стартап идеяларын жүзеге асыраса, ғимараттағы басқа бөліктерінде ІТ орталықтар, химия, биология, физика кабинеттері орын алмақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Оқушылар сарайы, құрылыс жұмыстары

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
18:02, 18 қазан 2018
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ  -  БАСТЫ МАҚСАТ
14:54, 18 қазан 2018
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МАҚСАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...