ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ЕРТЕҢНЕН БАСТАЛАДЫ

17:59, 13 наурыз 2019

Солтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін 14-ші наурыздан бастап тойлай бастайды. Яғни ертең Көрісу мейрамы басталады және бір апта бойы әр күн түрлі тақырыптарға бөлініп, арнайы құрылған бағдарламалар бойынша шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне биыл Ресейдің Омбы, Қорған және Түмен облыстарының өкілдері де қатыспақшы.

14-ші наурыз қызылжарлықтар амал күнін, яғни көрісу күнін тойлайды. Бұл мереке мектептер мен балабақшаларда, кәсіпорындарда және тағы да басқа мекемелерде өткізіледі. Ал 15-ші наурыз «Қариясы бардың – қазынасы бар» деген тақырыппен, қарттарды қолдауға, олардың батасын алуға бағытталған негізгі шаралар өтеді. Ал наурыздың 16-сы қала тұрғындары тазалыққа мән беруі тиіс, жастар жалғызбасты қарияларға, көпбалалы аналарға көмектеседі.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жексенбі күні жаңағы «Отан – отбасынан басталады», Отбасымызбен Жаңа жылды, Наурызды қарсы алуға дайындалса дейміз. 18-і күні «Жас келсе іске» деген тақырыпты алып отырмыз, яғни бұл күні Жастар жылына арналған негізгі үлкен мерекелік шаралар жүргізіледі. 19-шы наурызды «Қайырымды іс» деген тақырыпта және 20-сы күні негізгінен мерекелік шаралар, әрбір кәсіпорында қандай шара болады, соның барлығын. Үшінші жыл қатарынан аулалардағы Наурыз мерекесін жалғастыру ұсынылады.

Жалпы Наурызға арналған басты мерекелік шара басты алаңда 21-ші Наурыз күні өтеді және мұнда бұрынғыша аудандардың киіз үйлері қойылмай, ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді дәріптейтін 7 киіз үй тігіледі.

ДОСБОЛ ӘБДІРИИСОВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, АРХИВ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Бірінші киіз үйде Ботай мәдениеті көрсетіледі, екінші киіз үйде Ұлы даланың ежелгі металлургиясы көрсетіледі, үшінші киіз үйде Аңшылық стилі, төртішні киіз үйде Алтын адам стилі, 5-ші киіз үйде Түркі дүниесінің бесігі, 6-шы киіз үйде Ұлы Жібек жолы және соңғы 7-ші киіз үйде Қазақстан алма мен қызғалдақтың мекені деген тақырыбы ұсынылады.

Сонымен қатар, осы күндері облыстағы мейрамханалардың ас мәзіріне ұлттық тағамдарды енгізу ұсынысы де қолдау тауып отыр. Және де барлық ұйымдар ертеңнен бастап, ұлттық киімдермен жүру бастамасын да қолға алмақ.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...