ШҰҒЫЛ! "5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

НАУРЫЗ – ТОЙДЫҢ ТӨРЕСІ

17:53, 14 наурыз 2019

Тарихы тереңнен тамыр тартқан Наурыз мейрамы биыл өңірімізде кең ауқымда атап өтіледі. Бүгінен бастап облыс халқы 14 Наурыз – Көрісу күнін тойлай бастады. Облыстық білім басқармасының мамандары  наурыз мерекесіне орай бір апта бойы кеңсеге қазақтың салтына сай әшекей-бұйымдар тағып, көйлек – қамзол, тақия киетін болады. 

Бұл қазақтың ертеден келе жатқан «сырға салу» дәстүрі.   Сырға салу  рәсімінен соң, бойжеткен қалыңдық атанып, сол сәттен бастап өзін жат жұрттық сезінеді. Дәл осы дәстүрді бүгін облыстық білім басқармасы мамандары көрнекті түрде көрсетті.  Сондай-ақ Көрісу күніне орай бір-бірімен қауышып, жақсылық тіледі.Үлкендерге құрмет көрсетілді.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгін барлық қызметкерлер осындай қазақ ұлттық киімінің элементтерін киіп, біреуі тақия, қамзол, біреулері сырғасын тағып, әшекейлерін тағып солай келіп өздерінің ерекшеліктерін көрсетіп жатыр. Бізде осы салт-дәстүрден шет қалмай білім басқармасы ертеден бастап бір-бірімен көрісіп, қал жағдайымызды біліп және де бір жыл бойы өткен жұмысымызға қорытынды жасап, келсі жаңа жылға жоспарлап жасап, бір мірімізде тілек, жақсылық тілеп жатырмыз. Бұл өте тамаша сал-дәстүр болып табылады. 

Шынымен де, бүгінгі шара, мамандардың көңіл-күйіне оң әсер берді. Жұмыс орынындағы қызметкерлердің көңілдері көтеріңкі , жүздері жадыраңқы. Мамандар, қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегін күнделікті өмірде киіп жүру дәстүрге айналса екен, дейді. Бұл өте әдемі, әрі патриоттық сезімді оятатынына сенімді. Бүгінгі мерекеге Шекер Жандосова қазақи нақыштағы оюмен өрнектелген қамзол киіп келген.

ШЕКЕР ЖАНДОСОВА, СТРАТЕГИЯ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАУ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Ұлттық киіміміз өте әдемі, неге кимеске? Кестеміз тығыз, жұмысымыз көп болса да, осы мейрамды қабыл алып, шын көңілмен тойлап жатырмыз. Көңіл күйіміз өте тамаша, мемлекеттік мейрам болсын біз оны шын жүректен қабыл аламыз. Өйткені, жүрегіміз лүпілдептұрады, Қазақстаным менің деп, жерім менің деп.

Наурыз мерекесіне орай облыстың мемлекеттік қызметкерлері бір апта бойы кеңсе киімін, қазақтың салтына сай дәстүрлі әшекей-бұйымдарға, көйлек – қамзолдарға, ерлер тақияларға ауыстырады. 

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар