ШҰҒЫЛ! 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ Толығырақ

«НҰР-АСТАНА, ЖЫР АСТАНА»

15:05, 23 мамыр 2018

Егемен еліміздің Елордасы – Астана қаласына биыл 20 жыл. Атаулы датаны солтүстікқазақстандықтар тойлауды бастап кетті. Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана ұжымымен  облысымыздың жастар ресурстік орталығы бірлесе «Нұр-Астана, жыр Астана» акциясын өткізді. Толығырақ келесі сюжетте.

Аталмыш акция республикалық болып табылады. Алайда әр қалада оны өткізу уақыты әр түрлі.  Кітапхана қызметкері Ләззат Бақытқызының айтуынша мұндай шараларды олар жиі ұйымдыстырып тұрады. Басты мақсаты жастарды қоғамдық өмірге тарту және білімді ұрпақ тәрбиелеу.

ЛӘЗЗАТ БРІМОВА, КІТАПХАНАШЫ:

- Акция барысында біз қала тұрғындарына Астана және кітапхана туралы парақшалар түрінде ақпарат, кішкентай бүлдіршіндерге түрлі-түсті шарлар, сондай-ақ Елордамыз жайлы жазылған өлеңдер тарататын боламыз.Әрине  келе жатқан мерекемен де құттықтайтын боламыз.

- Здраствуйте мы проводим акцию к 20-ю Астаны центральной библиотекой имени И.Шухова.Чтобы вы пожелали Астане? - Астане процветать, быть дружными чтобы небыло войны.  – Спасибо, вот вам шарик и буклет, мы всем раздаем.

Гуманитарлы техникалық колледжінің бірінші курс студенті Аягөз Хасен мұндай шараға алғаш рет қатысуда. Болашақ есепші келешекте көркейіп, дамып келе жатқан бас қаламызға көшіп, сол жақта қызмет жасасам екен дейді.

АЯГӨЗ ХАСЕН, ЕРІКТІ:

- Бүгін біз Астананың 20 жылдығына орай біз волонтерлер жастармен акция өткізіп жатырмыз. Осы акцияға қатысып жатқанымызға біз өте қуаныштымыз,себебі бұл акция бізге көптеген мәліметтер бере алады. Астана ол көптеген жетістіктерге жетіп өз халқын жаңа ашулармен қуантуда. Біз астанамызға тілейтініміз ары қарай құлпыра берсін,басқа да жетістіктерге жете берсін дейміз. 

Тәуелсіздік Стелласынан бастау алған шара барысында колледж студенттері және еріктілер жаяу жүргіншілерге және балаларға шарлар сыйлап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Астананың 20 жылдығы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар