ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ СЕССИЯСЫ

20:56, 27 маусым 2019

Облыс орталығында ассамблеяның кезекті сессиясы өтті. Отырыстың өзегі - этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту. Басқосуда елдегі ауызбіршілікке үлес қосқандар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құмар Ақсақалов қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған халыққа алғысын білдіріп, алдағы уақытта да Арыстағы ағайынға көмек берілетінін жеткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі этносаралық келісімді нығайтудың негізгі тұғырына айналды. Қоғамдық институт жанындағы этномәдени бірлестіктер бүгінде ауызбіршілікті сақтау, салт-дәстүрлерді жаңғырту бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Сол себепті жергілікті билік ассамблеяға үлкен үміт артып отыр. Сессия отырысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов жерлестерімізді қоғамдық бастамаларда белсенді болуға шақырды. Ел ішінде орын алып жатқан жағдайлардан тыс қалмауға шақырды. Соның ішінде Арыстағы оқиға да бар.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Арыс қаласындағы болған жағдайлардан баршамыз хабардармыз. Арыстағы баспаналардың 80 пайызына зақым келді. Менің орынбасарым Антон Федяев қазір сол елді мекенде жүр. Алдағы уақытта да сырт қалмай Арыстағы ағайынға барлығымыз қол ұшын беруіміз керек.

Солтүстікқазақстандықтар бірінші күннен бастап гуманитарлы көмек пункттерін ұйымдастырып, 25 маусымда 100 тонна жүкті Арысқа жіберді. «Қиын сәтте ағайынға көмек қолын созған облыс халқына алғысым шексіз», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Ел басшыларының сарабдал саясатының арқасында көпұлтты халқымыз беймарал өмір сүріп жатыр. Тіршілігін атқарып, кәсіптерін дөңгелетуде. Жақында ел болып «Арыспен біргеміз» акциясына қатысты. Бұл шарадан жерлесіміз Ахмет Парса да шет қалмайды. Дүнген ұлтының өкілі картоп өсірумен айналысады екен.

АХМЕТ ПАРСА, «МЕЧТА» ДҮНГЕН ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

– 2017 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында отбасымен осы жерге оңтүстіктен көшіп келдім.Маған бұл жер ұнады. Адамдары да тату. Қазір көпұлтты Ленин селосында тұрып жатырмын. Бағбандыққа бет бұрдым. Алдағы уақытта көбірек картоп өсіріп, сол өнімді Арыс қаласының тұрғындарына жөнелту жоспарымда бар. 

Осы залда Ахмет сияқты ниеттес жерлестеріміз жетерлік. Отырыс тақырыбының өзегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту турасында болды. Елдегі ауызбіршілікке үлес қосқандар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...