ШҰҒЫЛ! ДУБАЙДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА 95 ЖЫЛ

21:00, 9 қаңтар 2019

СҚО тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына биыл 95 жыл толды. Бұрынғы кезде аталмыш тарихи орын шағын үйде болса, ал қазіргі күні көлемі кеңейіп Қазақстан Конституциясы мекен-жайында орналасқан. Сан мың жылдық тарихи бар мекеме жайлы арнамыздың тілшілері тарқатады.

1924 жылы тарихи-өлкетану мұражайы бұрынғы Караван, қазіргі Кәрім Сүтішев көшесіндегі шағын үйде орналасқан болатын. Бірнеше рет өз орнын ауыстырған тарихи орынды қазіргі таңда көпес Стреловтың екі қабатты жекежайынан табуға болады. Мекеменің алғашқы директоры, өлкетанушы Иван Прокопьевич Дьячков болған. Бүгінде мекемеде 320 мыңнан астам жәдігер көздің қарашығындай сақталған, олар 13 залда орналастырылған. Экспозиция  ежелгі уақыттан қазіргі заманға дейінгі тарихи кезеңдерді ескере отырып салынған.

ЕРКІН ШАЛКЕНОВ, СҚО МҰРАЖАЙЛАР  БІРЛЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мекеме әрқашан жаңартылып отырады. Қорға жаңа жәдігерлерде қосып отырамыз. Мәселен, 2012 жылы тұңғыш президент күні қарсаңында жаңадан, елбасы залы ашылған болатын. Барлық керек құжаттар мен құнды жәдігерлерді Теміртаудан алғыздық.

Мұнда 20-шы ғасырдағы туған өлкенің барлық тарихы жинақталған. Азаматтық соғыс пен революция, екінші дүниежүзілік соғыс жайлы мәліметтерді шыны ветриналардан байқауға болады. Мекемеден Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуын көрсететін, 3 залға бөлінген «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан», «Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан» және «Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы» жайлы құнды мәліметтерді де табуға болады. Сақталған құжаттар мен фотоматериалдардан қоғамдық сананы демократияландыру, халықаралық қатынастар мен  қарқынды дамып келе жатқан экономиканы айқын байқауға болады. Және де айта кету керек, облыстық тарихи-өлкетану мұражайын жылына 140мыңнан астам адам келіп тамашалайды.

- Маған тарихи жәдігерлерді көріп, олармен танысқан ұнайды. Бүгінде міне әжем екеміз келіп отырмыз. Осымен осы мұражайға 10шы рет келуім.

- Біздің мұражай бұрыңғы ескі қалпында сақталмаған. Әр келген сайын жаңа эәспонаттар мен залдармен толығып тұрады. Бұл өте керемет.

Мекеме қабырғасында «Өткенге жол», «Мәңгілікке қадам басу», «Дәстүрлерді жаңғырту» мен «Халықтық мерекелік күнтізбелер» және «Туған өлке табиғатын сақтау» сынды  5 білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өз ісінің хас шеберлері мен туған өлкесін құрметтейтін азаматтар қызмет етеді. Мұражай жанашырлары алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ  ЖАҢА МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:58, 26 наурыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
15:09, 20 наурыз 2019
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
17:27, 23 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақст...
Толығырақ...