ШҰҒЫЛ! ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Толығырақ

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

17:54, 6 мамыр 2019

2019 жылдың басынан елімізде Денге безгегімен мамандарға 7 науқас  жүгініпті.  Ал Солтүстікқазақстанда бұл жұқпалы дерт  соңғы рет 2017 жылы тіркелген екен. Петропавлда қауіпті жұқпалы ауруларға арнайы қызметтердің әзірлігін пысықтаған оқу-жаттығу шаралары өтті. Толығырақ арна тілшілері тарқатсын.

№ 623 жолаушылар пойызында оқу-жаттығу жоспарына сай безгек ауруына шалдыққан науқас бар екені анықталды. Вокзал перронында сырқатты мамандар күтіп алды. Инфекционист дәрігерлер  мен темір жол қызметкерлерінің жедел әрекет етуі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Дәрігерлер алдымен күдікті науқасты қарап, одан кейін вагонды залалсыздандыруға кірісті.

БОЛАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, КӨЛІКТЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ  БАСШЫСЫ, КӨКШЕТАУ Қ.:

- Науқас жолсерікке жүгінді. Мұндай жағдайда ең алдымен поезд бригадиріне хабар беріледі. Науқастың жағдайын тексеріп, зертханалық сараптама жүргізіледі.Содан кейін,науқас ауруханаға жатқызылды

Тропикалық және субтропикалық климатты елдерде соңғы жылдары денге безгегі кең тараған.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше биыл 1-ші наурызға дейін әлемде  11000 денге безгегі тіркеліпті. Оның 133-і қайғылы оқиғамен аяқталған.  Қазақстанда қаңтар айынын бастап аталмыш жұқпалы ауружы 7  адам жұқтырса,  ал Солтүстік өңірде мұндай дерт соңғы рет 2017 жылы Вьетнам, Тайландта демалған тұрғындардан анықталыпты. 

ЮЛИЯ ГАЙСИНА, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- 2019 жылы аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ. Алайда жұқтыру қаупі әлі де бар. Конго-Қырым геморрагиялық безгекті жұқтыру жағдайлары Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тіркелуде. Әр түрлі қауіпті ауруларды жұқтырудың алдын-алу үшін  Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сақтық шараларын қолдануды ескертеді. Қандай да бір елге барар алдында эпидемиологиялық жағдайлармен танысып алу керек.

Қазақстанда шет елге демалуға баратындарға екпе егу жұмыстары  қарастырылмаған.Алайда, оған қарамастан адамдар аурудан өздерін қорғай алады. Қауіпсіздік шаралары қарапайым – кенелер мен масалардан  қорғайтын жақпа майларын жағып, терезелерде арнайы торларды ілу қажет.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...