ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ӨМІРІ ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН

21:10, 10 қазан 2018

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында белгілі ақын, жерлес жазушы, публицист Жарасбай Нұрқановты еске алу кеші өтті. Іс-шараға телевизия, әдебиет саласында өшпес із қалдырған тұлғаны еске алу үшін оның жары, жолдастары, әріптестері мен жас буын өкілдері қатысты. Толығырақ әріптесім Майгүл Сейілбек баяндайды.

Жарасбай Нұрқанов 1937 жылдың 22 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында дүниеге келген. Ол журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Өзінің еңбек жолын мектептке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін түрлі басылымдарда мақалалары да жарық көрді.  Өзінің өлең-жырларын туған жер, елге арнаған. Қызылжар өңірінің тамаша көріністерін,  сұлу табиғатын қағаз  бетіне қара өлеңмен өрнектеген.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ, Ж. НҰРҚАНОВТЫҢ ДОСЫ:

Ол кісі туралы біздің ардақты жерлесіміз мен Жарасбай Нұрқановпен мақтанамын десе, бұл оқырман қауымның ақынға берген үлкен бағасы. Бұдан артық мен ойлаймын баға болмайды. Жарасабай Нұқанов өзінің еңбек жолын ұстаздықтан бастаған.Ұстаз бола жүріп қаламын қолынан тастамаған.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

Өмірі өлеңмен өрнектелген, туған жерін, елін жырға қосқан жерлес ақын, жазушы, публицист Нұрқан Жарасбай ағамызды еске алу кешіне келушілер оның  шығармашылығымен, өмірімен тенреңірек таныса алды.

Жарасбай Нұрқанов жары Қазина Нұрқановамен 50 жыл отасқан. Артында асқар таудай қос ұлы қалған, Қазина апамыздың айтуынша Жарасбай ағамыз кезінде Сәбит Мұқановпен дәмдес болып, онымен сыр бөліскен. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығын кітап ретінде жазған Мұхтар Әуезовты пір тұтқан. Жас кезінде онымен жүздесіп, одан көп нәрсеге үйренуге мүмкіндігі болған.

ҚАЗИНА НҰРҚАНОВА, Ж.НҰРҚАНОВТЫҢ ЖАРЫ:

Дүйім жұртты жинап Жарасбайдың шығаармашылығымен таныстыру керек болды. Өйткені олар өтініш жасады. Біз жерлес ақынымызды толық біле бермейміз деп. Мына жасалған дүниенің бәрі ол кісінің шығармашылығына байланысты жазған өлеңдерімен шығарған кітаптары шығарған әндері бар.

Жарасбай Нұрқанов ағамыздың өлең жолдары белгілі композиторлардың ноталарымен ұйқасып әдемі әрі әуезді әндерге де айналған. Қазақ радиосының қорында сақталған әндерді Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева  секілді Қазақстанның белгілі күміс көмей, жез таңдай әншілері орындап жүр.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
20:06, 16 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...