ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

15:04, 15 маусым 2018

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды. Осы бір қасиетті мерекеде Қызылжар орталық мешітіне халық көп жиналды. 30 күн оразаның сауабын арқалап, алланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, аллаға құлшылық етті.

Намаз оқылмас бұрын мешіттің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы осы бір қасиетті мерекенің ерекшелігі туралы уағыз айтты. Содан соң мешітке жиналған мұсылман қауым  тілін кәлимаға келтіріп, жүзін құбылаға бұрып айт намазына жығылды.

ҚАСЫМХАН  ИСАЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

Ораза Айт мейрамы мұсылмандар үшін  мына 30 күн ораза ұстап, бір ай бойы аллаға құлшылық қылып, тарауық намаздарын оқып пітір садақаларын беріп исол ораза біткеннен кейін айттайды. Бұл айт дегеніміз мейрам мұсылмандар бір – бірлерін құттықтап, бір – бірлеріне қонаққа барып, мұқтаж жандарға сондай бір қайырымдылық іс – шаралар яғни садақалар берсе бұл мерекенің сәнін арттырады.

Айт намазын оқып, сәждеге басын тигізуге еңкейген қариядан балағат жасына енді толған жастарға дейін келген. Олар бір ай бойы Алланың разылығы үшін ауыз бекітіп ашқұрсақ жүрді, көзді харамнан, құлақты өсектен, тілді ғайбат сөйлеуден тыйды.

- Бүгін Ораза Айт соған жиналып жатырмыз, Айт намазына. Қабыл болсын. Қасиетті Рамазан айының оразасын тұттық. Тарауық намазын оқыдық, тілегімізді тіледік енді бүгін ат намазына келіп жатырмыз Алла қабыл етсін.

- Мен осы екі – үш жылдың көлемін де намаз оқуды бастадым. Айт намазына сол негізінен кішкентай кезімізден бастап келеміз. Әкелерімізбен, ағаларымыздың артынан еріп ол кезде әрі қаншалықты маңызды екенін білмесекте сол кісілердің айтуымен келіп жүргенбіз. Жалпы айт намазы мен осы сәтті пайдаланып бүкіл Қызылжар халқын айт намазымен шын жүректен құттықтаймын.  

«Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Алла тағала әрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірім-шапағатын төгеді. Сондықтан да бұл күні жуынып-шайынып, барын киіп, мешітке келіп,  садақа беру немесе көрші – қолаң, туған-туысқа ізгі тілекпен айттап кіріп шығу сүннет болып саналады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Ораза айт намазы оқылды, Қасиетті Рамазан айы, мешіт

Тақырып бойынша материалдар

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚЫСҚЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ
20:38, 19 ақпан 2019
ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚЫСҚЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ
Толығырақ...
СҚО-ДА АУЫР ЖҮК КӨЛІГІ ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ШЫҒЫП  КЕТТІ
14:48, 19 ақпан 2019
СҚО-ДА АУЫР ЖҮК КӨЛІГІ ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ШЫҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...