ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӨРТ ҚАУПІ АРТТЫ

17:58, 16 мамыр 2019

Күннің жылынуына байланысты аймақта өрт қауіпі арта түсті. Өрт сөндурішілерге қазір тәулігіне 20 – 25 қоңырау түседі. Маусым басталғалы 10 орманды жалын шарпыған. Одан бөлек кепкен шөп пен қоқыс өртенуінің 200 фактісі тіркелген.

Күн жылынғалы 37 гектар алқапты жалын шарпыды. Төтенше жағдай мамандары қоқыстарын бақылаусыз өртегендіктері үшін 33 жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартыпты.  

ИГОРЬ БАЛЕЕВ, СҚО ТЖД МАМАНЫ:

- Маусым басталғалы 10 – рет ормандарда өрт оқиғалары тіркелді. Қызыл жалын 37 гектарға жайылып 600 млн теңгеден астам шығын әкелді. Мұның барлығы тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болып отыр. 

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда өрт оқиғаларының артуына ауылшаруашылығы өндірушілерінің қоқыстарды, сондай – ақ алқаптарды өртеуі себеп және аудан мен ауылдардың жергілікті атқарушы органдары жағдайды тиісінше қадағаламайды.  Сонымен қатар аудандық маңызы бар жолдар жанынан минералдандырылған жолақтардың уақытылы жасалмауы да апатқа алып келуі мүмкін. 

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТЖБ БАСТЫҒЫ:

Қызылжар ауданының аумағында өрт маусымы басталғалы 40 өрт жағдайы тіркелді. Салдарынан 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Ендігі кезекте ауданда екі мобильді топ құрылып, жағдай қатаң бақылауға алынды.

МАРАТ ШАБАНОВ, КУЙБЫШЕВ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Дәл қазір біз минералдандырылған жолақшалар жасаудамыз. Жоспар бойынша 772 шақырымға салуымыз керек. Қазір 120 шақырымнан астам аумақты бітірдік

СҚО ТЖД мамандары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ескертеді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...