ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ ӨЗЕНІ КӨТЕРІЛУДЕ Толығырақ

ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ - 100 ЖЫЛ

18:10, 16 сәуір 2018

Осыдан тура бір ғасыр бұрын, 17-ші сәуірде кеңестік өрттен қорғау қызметі құрылды. Қалыптасқан дәстүрге сай, өрт сөндірушілер бұл мерекені жыл сайын атап өтеді. Өзгенің өмірі мен мүлкіне араша түсу үшін тілсіз жаумен күресетін осы бір қызмет иелерінің еңбегі қашанда құрметке лайық. Әріптесім Арайлым Әлібиқызы қалалық 3-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің жұмысымен танысып, мұражайына саяхаттап қайтты.

1918 жылы 17 сәуірде кеңестік өрттен қорғау қызметі құрылды. Ал Петропавл өртке қарсы қызметі өзінің бастауын 1916 жылдан алады. Республика бойынша алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі біздің өңірде ашылып,  қазіргі Брусиловский көшесінің бойында өрт бақылайтын мұнара болған. Сол кездері штатта барлығы 69 адам болса, қазір облыста 700-ге жуық маман бар.  

БОЛАТ ЖҰМАЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Үшінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 50-ден артық адам. Жаңа машиналар келіп жатыр камаз базасында. Бұлар енді ең аз көлемі судың 5-8 тонна өрт сөндіруге. Бөлім қаланың нағыз орталығында орналасқан. Өте маңызды обьектілер көп, әкімшілік обьектілер, мектептер, сауда үйлер.  Біздің бөлім облыс бойынша өрт сөндіруге ең көп шығатын бөлім. Жеке құрам  күніне 4 сағаттай жаттығады.

Бөлімшенің мұражайы да құнды жәдігерлерге толы. Сонау 1849 жылдан  бастау алатын Петропавлдың  өрт сөндіру саласының тарихы жайында естеліктер, ерлікпен қаза болған азаматтардың тізімі сақталған. Тілсіз жау 1849 жылдары Қызылжардың көп бөлігін жойып, алапат салдарынан 450 үй өртеніп, 700 адам баспанасыз қалған. Сол кездері өрт сөндірушілердің қолында бақылау мұнарасы, 100 текше метр сыйымдылығы бар бөшке, дабыл қаққыш қондырғы ғана болған.

Сала ардагері Нұртас Шәйкенов өз өмірінің 35 жылын өрт сөндіру қызметіне арнаған жан. Ол құрметті демалыста болса да  қоғамдық   жұмыстарға араласып,  ізбасараларына өз білгенін үйретіп келеді.

НҰРТАС ШӘЙКЕНОВ, ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ:

- 35 жыл жұмыс істедік. Қазір міне совет ветерановта қатынасып, жастармен кездескенде ақыл айтып, дұрыс жолға шығыңдар деп. Олар айтқан сөздерге бағыну керек. Бұл жұмыс өте қиын. Бұл жерде героизм емес, бас керек. Өртті сөндіргенде барлық жағына дұрыс қарау керек.

Жалпы, өрт сөндіру қызметіне жылына 3 мыңға жуық дабылды хабар келіп түседі екен. Қала аумағында жыл сайын орта есеппен 700-ге тарта өрт шығады. Оны сөндіру кезінде осы бір қаһарман мамандық иелері 50-ден астам адамның өмірін құтқарып, 3000-ға дейін адамды қауіпсіз жерге көшіреді. Жас болсада талай тілсіз жаумен күресте біліктілік танытып жүрген Ерлан Құсайыновтың бұл салаға келгеніне де табаны күректей 10 жыл өтіпті. 

ЕРЛАН ҚҰСАЙЫНОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС СТАРШИНАСЫ, БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

- Үш жыл бұрын күздің күні бізге жолдама түсті үй жанып жатыр деп. Сосын аппараттарды киіп, үй ішіне кірдік. Қою қара түтін болғаннан кейін адамдарды іздей бастадық. Ең бірінші міндетіміз адамдарды құтқару, екі адамды тауып алып шықтық. Біз ойлағанбыз өздері жүре алатын болар деп, ол адамдар мүгедек болып шықты.Әсермізді айтып жеткізе алмаймыз.

Ержүректілік, жолдастық жәрдем және өзара көмек, өзін құрбан ету және өзгелердің қайғысына ортақ болу. Бұл өртке қарсы қызмет мамандарының басты ұстанымы. Өрт сөндірушілер әрдайым сақадай сай, әрдайым от шебінде.

Арайлым ӘЛІБИҚЫЗЫ

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, өрт сөндіру қызметі

Тақырып бойынша материалдар

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА «ҚАРАҚОҒА» ШЕКАРА БЕКЕТІНДЕ БОЛДЫ
18:13, 18 сәуір 2018
ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА «ҚАРАҚОҒА» ШЕКАРА БЕКЕТІНДЕ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ
14:36, 17 сәуір 2018
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...