ШҰҒЫЛ! ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Толығырақ

ОТАНЫН ҚОРҒАҒАН АЗАМАТТАР

17:53, 6 мамыр 2019

2 ғасырға жуық уақытта Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі қабырғасынан  елге елеулі үлес қосқан мамандар даярланып шықты. Солардың бірі 94 жастағы  соғыс ардагері - Степан Башкиров. 58 жыл зауытта білдекпен жұмыс істеп, төрт жыл соғыста болған майдангерді бүгін оқу ордасының студенттері, ұстаздары салтанатты түрде қарсы алды.

Ұлы Отан соғысы басталған жылы Степан Башкиров  небәрі 15 жаста болған. Әкесі майданға  аттанғандықтан, 3 інісі мен кіші сіңлісін асырау үшін ,  мектепті тастап, сол кездегі Молотов атындағы зауытқа жұмысқа орналасады.  Араға жылдар салып Тамбов қаласындағы қызыл ту әскер жаяу училищесіне әскерге аттанады. Польша, Чехословакияны жаудан азат етті. Соңғы шайқасы Прага қаласында болған екен.

СТЕПАН БАШКИРОВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ:

Бала кезімде, соғыстан қайтып оралғандарға құтты бір киелі жандар секілді қарайтынбыз. Олар өмір үшін, жер үшін, болашақ үшін шайқасты. Сондықтан, 17-18 жасымды асыға күттім. Менде олар сынды Отанымды қорғағым келді.

Гуманитарлық техникалық колледжінде 2016 жылы Степан Башкировтың құрметіне музей ашылды. Мұнда балалар сол зұлмат соғыстың салдары мен ерлеріміздің ерлігін еске алды. Бүгін де колледж студенттері мен оқытушылар қауымы дәстүрге сай соғыс ардагерлерін салтанатты түрде қарсы алды. 

Майдандағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі өте зор. Соғысты, азық-түлікпен, шикізатпен қамтамасыз еткендер – әйелдер, балалар, қарттар болды.  Анеля Жигарловская тыл еңбеккері. Сол кезде 10 жаста болған оқушы қыз сыныбымен бірге картоп, бидай жинауға көмектескен екен.

АНЕЛЯ ЖИГАРЛОВСКАЯ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

Бұл өте қиын кезең болды. Тоқу білмесекте, қолғаптарды тоқитын едік. Біздің ата-аналарымыз күні-түні жұмыс істейтін. Әрине тыл еңбеккерлерінің істеген ісінің арқасында жеңіске жеттік деп есепттеймін. Мектепті аяқтаған соң, Алматыда, Петропавл қалаларында оқу оқып, Гуманитарлық техникалық колледжінде 1967 -1997 жылдары химия пәнінен сабақ бердім.

- Біздің колледжі соғысқа қатысқан түлегі келіп отырғанына біз өте қатты қуанамзы. Біз олармен мақтан тұтамыз

- Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арнап жылдағыдай кездесу ұйымдастырып жатырмыз. Сол қиын заманды бастан кешкен ардагерлерді, көбен көру, мен үшін үлкен бақыт. Баға жетпес сәт.

Кеш соңы концертке ұласты. Сондай-ақ жастар сауалдарын қойып, ардагерлердің бастарынан кешкен оқиғаларын тыңдады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...