ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСЫМЫЗДА 44 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

17:56, 6 мамыр 2019

Петропавлда мамырдың 5-сі, жексенбі күні таңертеңгі 9-да  өрт оқиғасы тіркелді.  Интернационал көшесіндегі 57-ші үйдегі пәтерлердің бірінен қою түтін будақтапты. Мұны сырттағы адамдар байқап қалып, өрт сөндірушілерге дереу хабар берген.

Өрт 4-ші қабаттағы 16-шы пәтерден шыққан. Баспана ішінде  2 келіншек пен 2 бала болыпты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында 7 адам құтқарылды.3-еуі бала. Оларды мамандар 4-ші және 5-ші қабаттан автосатының көмегімен қауіпсіз жерге түсірді. 

МҰСА ЖАҚСЫБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Оқиға орнына 16 маман, 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.  Интернациональ көшесіндегі 57-ші үйден барлығы 26 тұрғынды эвакуацияладық. Оның 6-уы бала. Өрт 10 шаршы метрге зақым келтірді. Пәтер қожайындарының дүние-мүліктері түтінге қақталып қалған. Бүгінде өрттің шығу себебі анықталды. Үйдегі кішкентай бала сіреңкемен ойнаған. 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өрт оқиғаларының көпшілігіне адами фактор себепкер. мамырдың 5-сі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың салдарынан саяжайдағы бір  үй жанып кетті.

РУСЛАН БАЗАРБАЕВ, СҚО ТЖД «ӨС ж/е АҚЖҚ» ММ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

- Мамырдың 5-сі Петропавл қаласы бойынша 20 шақты жедел шақырту болды.  Соның біреуі «Ромашка» саяжайында орын алды. Онда қызыл жалын 9 гектарға жайылған. Кішігірім бір үй және үш вагон  жанып кетті. Қазір күн жылынып келеді. Адамдар даладағы қоқыстарын күйдіріп жатыр. желдің әсерінен үлкен аумақтарды қызыл жалын шарпуда. Сол себепті отпен абай болған абзал. 

Өткен тәулікте өңірдің өрт сөндірушілері 44 жедел шақырту  алыпты. Көп жағдайда қураған шөп күйген. Біразы былтырдан қалған қоқыстарды оқшауламай, жаққан. Салдарынан  өрт оқиғасы тәулігіне 6 есеге көбейіп отыр.  Күн жылынғалы бері облыс бойынша 5 орман өрті тіркелді, 200 қоқыс пен қураған шөпті жандру  фактісі анықталды. Жалпы жыл басынан  өңірде 240 өрт болып,16 адам қаза тапты. Материалдық шығын 31 млн теңгені құрап отыр.  

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар