ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЕСІЛ ТАСЫП ЖАТЫР

18:05, 19 сәуір 2019

Тасқын су Петропавлға жетті. Есіл өзені арнасынан шығып, салдарынан Челябі-Новосібір бағытындағы республикалық маңызы бар жолды су шайды. Алайда, әзірше, алаңдауға негіз жоқ. Трассаны су басқанымен, айналма жол бар, яғни байланыс үзілген жоқ. Қазір төтенше жағдай департаментінің мамандары қауіпті аймақтарды бақылауда ұстап отыр.

Петропавлда Есіл өзенінің су деңгейі бір тәулікте 12 см-ге көтерілді.  Челябі-Новосібір бағытындағы автожолдың 528 шақырымын су шайып кетті. Новоникольское елдімекенінің маңында көпір су астында қалып, Покровка, Николаевка және Өрнек ауылдарының маңында өзен арнасынан шықты.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Ақмола облысынан тағы су келе жатыр. Сергеев су қоймасында су тасқынының екінші кезеңі басталды. Қазір мұндағы су деңгейі 880 см, судың мөлшері 790 млн текше метр. Судың жиектен асып ағуы 80 см-ге жетті.

Бүгінде Петропавлдағы су торабы толған. Жайылған су Заречный кентіндегі үйлерге жетпегенімен, саяжай учаскелеріне кіре бастады.

Құтқарушылар әзірше алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Жағдай бақылауда.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

Қазір ол аймақта тәулік бойы тәртіп сақшылары кезекшілік етуде. Республикалық маңызы бар жолды су шайса, айналма жол бар. Байланыс үзілген жоқ. Біз дайын болдық. Бүгін «Элегия», «Электрон» саяжай қоғамдарын аралап, жағдайды білеміз. Биыл былғары тері зауытын су баспайды деп ойлаймыз, өйткені қоршалып типтік бөгет салынды.

Заречный кентіне жақын автожолда көліктердің жүруіне шектеу енгізілуіне байланысты, осы елдімекенге жақын жерде пост қойылған. Департамент қызметкерлері жоғары өтімді автокөлікпен тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу және жою мақсатында департаменттің Дағдарыс орталығында тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...