ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

17:56, 19 сәуір 2019

Петропавлда қаңыраған өндіріс ошақтары қалпына келтіріліп жатыр. Облыс және қала әкімдігі бос тұрған имараттарды сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарып, оны тың идеялары бар кәсіпкерлерге жалға беруде. Тілшіміз Берік Қасен толықтырсын.

«РАДУГА» - өңірдегі іргелі, көпбейінді кәсіпорындардың бірі. Соңғы 5 жылдың көлемінде компания бірнеше өндіріс ошағын жаңадан салды. Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауы арқасында замануи көтерме-тарату орталығын тұрғызып жатыр.  Жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды.  Тамыз айында ашылады деп жоспарланған. Мұнда  жергілікті кәсіпкерлерге орындар жалға беріледі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Көтерме-тарату орталығы кейбір тауарлардың бағасын төмендетуге септігін тигізеді. Көтерме-тарату орталығына қаражаттың бөлінуіне облыс әкімдігі мұрындық болды.

Өндіріс аумағында тағы бір нысан бой көтеріп жатыр. Бұл жерге қытайлық желі орнатылып, сабын шығарылмақшы. Болашақта «РАДУГА» кәсіпорны ай сайын сұйық және қатты сабынның өндірісін 500 тоннаға жеткізбекші. Жоспар ойдағыдай орындалған жағдайда компанияның жылдық табысы 18 млн теңгеге артады деп болжануда. Тауардың 75 пайызы Ресейге жөнелтілмек.

ЕВГЕНИЙ ЛИ,  «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ресейдің солтүстік аймағында өсімдік және жануарлар майын ешкім жинамайды, кәдеге жаратпайды. Сол себепті Түмен, Омбы, Новосібір облыстарында сұйық сабын тапшы. Біз осыны оңтайлы пайдаланбақшымыз.

Әзірше, кәсіпорын ай сайын 100 тонна сұйық сабын шығарады. Қажетті құтыларды да өздері жасайды. 

«РАДУГА» серіктестігі құр қабырғасы қалған 5 нысанды қалпына келтіріп, іске ұқсатты. Жақында олардың қатары тағы біреуімен толығады. 

ЕВГЕНИЙ ЛИ,  «РАДУГА»ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл цехтың ішіне желілер орнатып, ұсақ тұрмыстық техникларды құрастыратын боламыз.  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы агрегаттарды да шығару жоспарда бар. Мысалы, жем үккіш. Негізінен халықтың сұранысына ие электр құрылығыларына басымдық береміз.

Радуга серіктестігіне өткен бұл цех бұрын Петропавл ауыр машина жасау зауытының меншігінде болған екен. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл нысан көпке дейін бос тұрды. Сот арқылы осындай ғимараттарды мемлекетке қайтарып, жауапкершілігі мол кәсіпкерлерге берудеміз. 

«Калинин» зауытына тиесілі болған мына жер банк кепілдігінен алынып, «PP SOLUTIONS» серіктестігіне жалға берілді. Кәсіпкерге 24 гектар аумақты тазартудың өзі оңайға соқпапты. Айтуына қарағанда, 800 камаз қоқыс шығарған. АЛМАЗ МАРАЛОВ қаңыраған  ғимараттарды қалпына келтіруге кіріседі. «DATA» орталық салады. Жиынтық құны 18 млрд теңгені құрайтын  жобаны жүзеге асыруға бірнеше компания ат салыспақшы.

АЛМАЗ МАРАЛОВ, «PP SOLUTIONS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Дата орталық салу үшін тиісті мекемелерден рұқсат құжаттарды алдық. Бейне, аудио, электрондық ақпараттардың кез-келген түрін өңдей аламыз.  «PP SOLUTIONS» (Пипи солюшн) Қазақстандағы блокчейн және криптовалюта қауымдастығының мүшесі. Біздің серверлерді Қазақтелеком да жалға алмақшы. Қазіргі таңда әлемдік ФЕЙСБУК, ГУГЛ компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.  Мұнда біз әлемдік стандартқа сай қызмет ұсына аламыз. 

«DATA» орталық Павлодарда бар екен. Алайда, «Қазақфильм» киностудиясының өнімдері келешекте бізде өңделетін болады. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...