ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ

21:08, 12 наурыз 2019

Бүгінде республикалық маңызы бар тас жолдардың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл - жолдардың қарыН уақытылы тазалап отырған коммуналдық кәсіпорындардың жұмысының нәтижесі. Олар күн сайын осы бағытқа 80 техника және 200 адамды жұмылдырады екен.

Бүгінде өңіріміздегі республикалық маңызы бар тас жолдардың жалпы ұзындығы 1468 шақырымды құрайды. Оларды биыл қыста  сақтау мақсатында бюджеттен 1,7  млрд теңге бөлініпті.

ЖӘНІБЕК ДӘНЕШОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ЖШС СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

«Казавтожолмен» біріге отырып бір жылға жоспар жасаймыз біз. Қысқы уақыттарға, жазғы уақыттарға, күзгі уақыттарға. Тасқын су уақыттары болады. Соған бәріміз отырып жоспар жасаймыз. Есептейміз қай уақытта қандай ауа райына алдын аламыз.

Қысқы маусымда тас жолдарды қардан  тазарту жұмыстарына күн сайын 80 техника мен 200 адам жұмылдырылады. Олар көктайғаққа қарсы құм шашып, жолдың жағдайын бірқалыпта ұстауға  еңбек етеді.  

АЗАМАТ ШУБЕКОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ЖШС СҚОФ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Ережеге сай осы сынды көпірлерге, яғни жоғарыға шығатын және төмен түсетін жолдардаға көктайғаққа қарсы құм және арнайы материалдар себу керек. Бұл материалдар мұзбен қарысып, оның тезірек еруіне ықпал етеді.

Былтыр республикалық маңызы бар жолдарға жылдамдықты өлшейтін құрылғылар орнатылды. Бұл индикатор жүргізушілерге қажетті жылдамдықты көрсетіп тұрады. Егер көлік иесі жылдамдықты асырса, аталмыш құралдың қызыл түсі жанады. Оған қоса жолдарды тазалушы кәсіпорынның жұмысшылары да қолайсыз ауа райы кезінде жүргізушілерге көмекке келеді.

АНАТОЛИЙ САМКОВСКИЙ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:

Жолда түрлі жағдайлар болады. Осындай кезде жүргізуілерге қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Мына артымда тұрған көлікпен көптеген жұмыс атқаруға болады. Мысалы тайғақ жерлерге құм себу, жол жиегіне шығып кеткен көліктерді тартып шығару секілді.

Бүгінгі таңда облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың барлығы қардан тазартылған. Енді көктем мезгілі келісімен кәсіпорын жұмысшылары ТЖД мамандарымен бірігіп су тасқынына дайындалып, апаттық жағдай орын алған жағдай да қандай шара қолданатындықтарын жоспарлау үстінде.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...