ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

РУХАНИ КІТАПТАРДЫҢ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

21:39, 14 наурыз 2019

Наурыздың 14-і православтықтар «Рухани кітап күні» мерекесін атап өтеді. Облыстық бейнелеу өнері музейінде осы атаулы датаға орай көрме 2015 ші жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Қызылжарлықтар көрмеде діни кітаптар мен діни тақырыптағы заманауи мерзімді басылымдарда жарияланған православтық мәдениетпен таныстыратын мақалаларды, ғибадатханалардың  қорларынан алынған өткен ғасырда жасалған тұрмыстық заттарды, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын тамашалай алады.

ВАЛЕНТИНА МАХИНЯ, БАРЛЫҚ ӘУЛИЕЛЕР ҒИБАДАТХАНАСЫНЫҢ ЕПАРХИЯЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

14 наурыз «Рухани кітап күніне» орай «Білім және сенім көзі» атты ұйымдастырылып отырған көрме православиенің түрлі мәдени және рухани қырларын бейнелейді, ол келушілердің туған өлкесінің рухани тарихына қызуғышылығын арттырып, рухани өмір болмысының құрылымын тануға септігін тигізеді.

Көрмеге келушілер жәдігерлерден басқа петропавлдық суретші және сәулетші Александр Листопаднийдің жұмыстарын да тамашалай алды. Ол Революцияға дейінгі фотосуретшілердің және баспаханалар иелерінің еңбектерінің арқасында жоғалған православиелік ғибадатханалардың архитектурасы бейнеленген графикалық туындыларын қойған.

АЛЕКСАНДР ЛИСТОПАДНИЙ, СУРЕТШІ:

Мен көптен бері осындай кескіндемелерді жасап, көрмеге қойсам деген ойым болған еді. Қуанышыма орай бүгін қаламыздың тұрғындары өткен ғасырларда шахарымызда болған бірақ кей жағдайларға байланысты қираған немесе мүлдем жойылып кеткен ғибадатханалар, шіркеулер, мешіттермен таныса алады. Іске кіріспес бұрын мен көптеген тарихи құжаттарды зерттеп, оқып іздендім.

Экспозицияға барлығы 100-ден астам жәдігер қойылды. Ұйымдастырушылар осы көрменің арқасында қызылжарлықтар туған өлкенің тарихына қызығушылық танытады деп үміттенеді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
21:30, 17 мамыр 2019
СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...