ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ? Толығырақ

ШІЛІҢГІР ШІЛДЕДЕ ЫСТЫҚ СУҒА ЗАР БОЛҒАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

15:08, 12 шілде 2018

Петропавл  тұрғындары үйлерінде ыстық судың жоқтығына наразы.  Оған қоса, құбырларды  жөндеп жатқан бригада жұмысты аяқтауға асығар емес. 2 ай бойы ыстық сусыз отырып, шыдамы әбден таусылған тұрғындардың  мұңын тілшілеріміз тыңдап қайтты. 

Батыр Баян көшесі, 7 мекенжайындағы мына 9 қабатты үйде мамыр айынан бері ыстық су жоқ. Жарамсыз боп қалған  құбыр ауыстырылады деп қуанған  тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылды. Олардың жөндеу жұмыстарының  аяқталуын күтіп отырғандарына  екі ай болған.

НАТАЛЬЯ НОВИКОВА, «ЛЕСНОЕ» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

Әуелі әкімдіктегілер келісім шартты алу үшін 2 апта жүрді, кейін құбырды қазып алуға 2 апта кетті, одан соң бір айдай тағы қазды. Біресе плиталары жоқ, бірде тракторлары болмай қалады.  Енді Кошуков көшесінде жылу желілері  кәсіпорны өз құбырларын жөндеуге кірісті. Кесірінен бізде тағы су жоқ. 

Тұрғындар ыстық су қашан берілетінін білу үшін жылу желілері серіктестігіне бірнеше мәрте телефон шалуға мәжбүр. Әуелі су мамырдың 8-зі, кейін 27-сі, одан соң шілденің 16-сы беріледі деп уәде етті. Дәл осындай жағдай Мир көшесіндегі 258 –ші үйде де орын алды. Бүлдіршіндер мен қариялар көп тұратын көпқабатты үйде екі айдай ыстық су жоқ. Олардың да жүргіншілер жолы мен ауланың бәрін қазып, құбырларды ауыстырып жатқан жұмысшыларға шыдамсыздықпен әрі үлкен үмітпен қарап жүргеніне біраз болды.

- Ыстық суды 25-ші маусым береміз деп уәде еткен. Үлкен-кішінің бәрі шыдамдық танытып күттік. Алайда жұмысшылар асығатын емес, жұмыс уақыттары кешкі 4-5 кезінде бітеді. Неге олай деп сұрағанда техника күніне бір сағатқа  беріледі деп жауап қайтарды.

- Ыстық су мамыр айынан бері жоқ. Шілденің ортасы болып қалды. Өте ыңғайсыз. Мына жердегі жұмысты тезірек бітірсе екен дейміз. Олар түске дейін ғана істейді екен, сенбі, жексенбі-  оларда демалыс. Сонымен ұзаққа созылып кетті.

Мен де олардың жұмысына наразымын. Жұмысқа   сағат 10 кезінде бірақ келеді. 4 –те кетіп қалады. Мерекелік 3 күн демалыста да көрінбеді. Бригадирден сұрағанда, демалыс күндері оларға төленбейді деп жауап берді. Қазір күн ыстық, ешқайсымыз дұрыс жуына алмай жүрміз

«Петропавл жылу желілері» серіктестігінің бас инженерінің орынбасары  Виталий Холошаның айтуынша  жөнделген құбырлар гидравликалық тексерістен өтпей қалғанда су беру мерзімі шегеріледі дейді.

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер құбырлар гидравликалық тексерістен өтпесе, апаттық бригада жұмысқа қайта кірісіп, құбырды тағы бір мәрте тексерістен өткізеді. Қайта өтпесе, қайта жөндейді. Жұмыс уақыттары кешкі сағат 6-ға дейін. Қажетті техника мен материалдар жеткілікті.  

Бір айта кететіні, бүгін қаладағы  жылу құбырларының  65 пайызы  тозған. Жөндеу жұмыстары қыста жарылып кету қаупі аса жоғары учаскелерде жүргізіліп жатыр. Қазір қалада мұндай 10 учаске бар. Ол аймақтағы үйлер ыстық судан ажыратылған. Ал Мир көшесіндегі 258-ші үйге көптен күткен ыстық су осы айдың 13-і беріледі деді жылу желілері  кәсіпорнының мамандары. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, көпқабатты тұрғын үйде су жоқ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫҚТАР ДЕНИС ТЕНМЕН ҚОШТАСТЫ
21:07, 20 шілде 2018
ПЕТРОПАВЛДЫҚТАР ДЕНИС ТЕНМЕН ҚОШТАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар