ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ

14:55, 13 мамыр 2019

Солтүстік Қазақстан облысында 25 тарихи-мәдени орын киелі жерлер тізіміне енген. Олардың ішінде Абылайханхан резиденциясы, Қарасай-Ағынтай мемориалдық кешені, Ботай қонысы тағы басқалары бар.  Және жыл сайын бұл тізімнің қатары көбейіп келеді. Биыл Қызылжар өңірінің киелі жерлері тағы сегіз құнды ескерткішпен толығуы мүмкін.

Меңдеке батыр кесенесі – Тимирязев ауданы Приозерное ауылынының маңында орналасқан. Меңдеке батыр – 18 ғасырда өмір сүрген,  орта жүзден шыққан жауынгер. Абылай хан әскерінің қолбасшыларының бірі болған.   Шайқастардың бірінде Мендеке батыр жаудың 150 жауынгерін ойсырата жеңген екен. Оның батылдығы жайында ел аузында тараған аңыз көп.  2007 жылы ұрпақтары батырдың 220 жылдығына орай жерленген жеріне кесене орнатты. 

АЙЖАН ҚОРЖЫНҚҰЛОВА, АҚЖАН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ:

- Жастар тарихты, өлкенің тарихын, қазақ жері үшін шайқасқан батырлар жайлы біліп жүру үшін көптеген жұмыстар атқарып келеміз. мәдениетті, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тырысамыз, өйткені бұл біздің қасиетті орындарымыз.

«Сары мен Сүйір батырлар» кесенесі Тимирязев ауданы Докучаево ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан. 2014 жылы кесене бой көтеріп, салтанатты ашылу рәсіміне Қытай, ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да елдерден келген делегация мүшелері қатысыпты.  Бірінші қорғанның диаметрі 20, биіктігі 6 метр болса, екінші обаның диаметрі 15 метр, биіктігі 4 метр. Қос батыр жерленген обалардың маңында батырлардың бас киімі орналасқан  ескерткіш тақтаны көруге болады. Бұл жерге еліміздің түкпір-түкпірінен жыл сайын жүздеген адам, көптеген шетелдік қонақтар келеді. Жыл сайын оқушылар мен студенттерге арнайы экскурсия жүргізіліп отырады.

АЛМАГҮЛ ЫБЫРАЕВА, ДОКУЧАЕВО ОРТА МЕКТЕБІІНІҢ  МҰҒАЛІМІ:

- Сары Сүйір батырлар қазақ-қалмақ соғыстарына, шайқастарына қатысқан батырлар, біздің жерімізде осындай батырларымыздың барына қуаныштымыз. мақтан тұтамыз. Сары батыр ержүрек, ұзын бойлы, екі иығыфна екі кісі мінгендей  зор дененлі адам болған екен. бұл кесенені 2014 жылы салған. 

СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше, былтыр жалпыұлттық тізімге енген Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа Сарытомар ауылындағы Мағжан Жұмабаев музейіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Қасиетті орындарға апаратын 43 шақырым жол күрделі жөнделді.

Мамандардың айтуынша, киелі жерлер картасына археология және сәулет ескерткіштерін ғана емес, табиғи нысандарды да енгізу жоспарланған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
21:30, 17 мамыр 2019
СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...