ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

СУДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

21:25, 19 маусым 2019

Суда шомылу маусымы басталысымен өкінішке орай өзен-көлдердегі қайғылы оқиғалар саны да артады. Жалпы облыс бойынша екі мыңнан астам тоған болғанымен, оның бәрінде шомылуға жағдай жасалмаған. Бүгінде өңірде шомылуға рұқсат етілген 58 орын бар.

Облыста жыл басынан бері 3 адам суға кетсе, оның бірі 15 жастағы жасөспірім. Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірқатар іс-шараларды қолға алған. Атап айтқанда 110 ескерту белгісі, 44 стенд орнатып, тұрғындарға 6 мыңнан астам жағажайда өзін-өзі ұстау нұсқаулығы таратылған. Әрбір азамат өзін және жақындарын мұндай жағдайдан қорғау үшін қарапайым ережелерді біліп, сақтауы тиіс.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОФИЦЕРІ:

- Төтенше жағдайлар департаменті суда шомылу маусымында қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін жабдықталмаған жағажайларда суға түспеулеріңізді сұрайды. Сондай-ақ балаларды көл маңында қараусыз қалдырмаңыздар, ішімдік ішіп шомылмаңыздар. Рұқсат етілген жерде суға түскенде де алысқа жүзіп, көңіл көтеру үшін өтірік суға батқан адамша шу шығармаңыздар.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...