ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

14:59, 12 желтоқсан 2018

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Университет студенті мен оқушылар, барлығы 21 қатысушыны облысымыздың атақты ақын-жазушылары бағалады. Өңірімізде алғаш рет өткізіліп отырған шығармашылық кешті, біздің де түсірілім тобы көріп қайтты.

Роза Абубакирова М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті. Өз бойындағы ақындық қасиетті мектеп қабырғасында байқап, дарынын дамыта білген. Содан бері, шимайсыз қалған қағаз жоқ, көтерілмеген тақырып қалмады, дейді жас ақын.

РОЗА АБУБАКИРОВА, ҚАТЫСУШЫ:

- Бүгінгі мүшайраға Тәуелсіздік туралы жырымды және «Достығымыз жарасқан» деген өлеңді алып келдім. Тәуелсіздік туралы жазғаным анық шығар, өзіміздің аңсаған Тәуелсіздігіміз болып саналады. Ал екінші өлеңім, ұлтым өзбек болып табылады. Бұл өдеңде қазақ жне өзбек достығы жайлы бағышталып жазылған.

ЖАНБОТА СЕНТАЕВА, ТІЛШІ:

- Жас ақындар мүшайрасы шаһарымызда алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қасиеттерін шыңдап, әдеби ортада өзін таныстыруға бұл - үлкен мүмкіндік болып отыр.

Аса қастерлі, ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған мүшайра ақындар мектебі мен облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен іске асырылып отыр.  

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, Е. АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ АҚЫНДАР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл мүшайра екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 11 кластан 6 классқа дейінгі оқушыларымыз қатысады. Ал екіншісі студенттердің арасында, барлығы 21. Бұның алдында университеттің Күлайхан Рахмет деген бауырымыз студенттердің арасында іріктеу өткізген болатын, бізде мектептер арасында, өткіздік. Бірінші айналымнан өткен жастар қатысып отыр. Арасында елге танылып қалған балалар бар.

Жас ақындардың шеберлігін облысымыздың бетке ұстар ақын-жазушылары бағалады.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Өлеңнің бірінші талабы бұл - әрине ұйқасу керек. Содан кейін поэзия мәдениеті деген болады. Өлеңнің техникасын әбден меңгерген болу керек әлгі керемет теңеулер, метафора эпитеттеркеремет ұйқастар бұзылмайтын.  Оның бәрі меңгерген жастар болуы тиіс.

Байқау қорытындысы бойынша болашағы зор ақындарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...