ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ КИКІЛЖІҢ

18:05, 19 қыркүйек 2019

Күні кеше Петропавл қаласының екі тұрғыны арасында орын алған  кикілжің барлық полиция қызметкерін тік тұрғызды. Стаффорд тұқымдас итін тұмылдырықсыз серуендетіп жүрген петропавлдыққа  басқа азамат ескерту жасаған. Осылайша екеуініің арасында кикілжің туып,соңы төбелеске ұласқан.  Зардап шегуші  102 нөміріне ит қапты деп  шағым түсірген. Оқыс оқиға 20-сыншы ықшам ауданындағы  Жуков көшесі 9 мекен-жайында болды.  

Иттің иесі онымен қоймай зардап шегушіге пышақ салмақ болған. Абырой болғанда тек арқасын жанап  өтіпті.  Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткенде, иттің иесі  пәтерінің  есігін ашпай, қарсылық көрсеткен. Оған қоса, өзінің қолын пышақпен тіліп, 7-інші қабаттан секіремін деп қоқан-лоққы көрсеткен. Ер адамның сөзін бірге  тұратын келіншегі де қостап, ол да терезеден секірмек болады.  Полиция қызметкерлері өрт сөндіруге арналған баспалдақ арқылы пәтердің терезесін сындырып үйге кіруге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша тергеу изоляторында.Оның үстінен  қылмыстық кодекстің бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсы келу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал төрт аяқты облыстық кинология орталығына жеткізілді. Заң қызметкерлерінің айтуынша. 39 жастағы   ер адам масаң күйде болған, сонымен қатар бұрындары да көршілерінің мазасын алғаны үшін  айыпталушыға қатысты 4 хаттама толтырылыпты. Ал азаматтық некедегі  әйелі тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін үйіне жіберілді.   

ЖАНДОС МҰҚАТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ :

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар