ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҮКІМ ӨЗГЕРТІЛДІ

20:45, 15 мамыр 2019

Облыстық қылмыстық істер бойынша сот алқасы петропавлдықтарды алдап-сулап олардың тұрғын үйлерің тиын тебенге сатып алған әкімдік қызметкерлеріне қатысты үкімді өзгертті.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше шенеунік сырылуы тиіс ескі үйлердің тұрғындарын алдап, заңды баспаналарынан айырған болатын. 2018 жылдың қазан айында Петропавл қалалық сотының үкімімен алаяқтар айыпты деп танылып, 6 жылдан 8 жылға дейінгі түрлі мерзімге жазасын өтеуге сотталды. Барлық сотталушылардың қылмыстық жолмен келген қаражатқа сатып алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы болған дүние мүліктері тәркіленді. Ал, 15 мамырда екінші инстанциядағы сот сотталушылардың үкімін өзгертті.

ВЛАДИМИР КИРИЛЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

- ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 194 бабының 2 тармағына сәйкес Өмірсейітоваға жазасын өтеу мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін өзгертілсін. Өмірсейітовке 6 жыл 6 айдан жазасын өтеу мерзімі 5 жылға дейін өзгертілсін. Есетоваға белгіленген жаза бойынша 6 жылдан 8 айға дейінгі мерзім 6 жылға дейін өзгертілсін.Сағдиге белгіленген мерзім 6 жыл 8 айдан 5 жылға дейін өзгертілсін. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар