ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ - ҰЛЫ ІС

20:40, 12 маусым 2019

Жаныңда жүр жақсы адам. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменов 70 жасқа толады. Мерейтой қарсаңында журналист, қаламгерге арналып Петропавлда дөңгелек үстел өтті. Жиында қайраткердің өмір жолы, еңбегі мен шығармашылығы жайлы кеңінен айтылды. Жарасбай Сүлейменов бүгінде жастарға білгенін талмай үйретуде.  Облысымызда «Журналистика» кафедрасының ашылуына ат салысқан да осы тұлға. 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Жарасбай Сүлейменов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Құрметті профессоры атанды.

Жиын барысында елдің игі жақсылары Жарасбай Сүлейменовтың көркемсөз өнеріне қосқан үлесін тілге тиек етті. Жерлесіміздің өмір жолы үлкен шығармашылық ізденістерден тұрады. Қаламынан талай туынды дүниеге келген. Көркем мінезімен, еңбектерімен зиялы қауымға ұлт жанашыры ретінде танылған. Жарасбай Сүлейменов М.Жұмабаев, Шал ақын, Қожаберген жырау сияқты тау тұлғалардың еңбектерін топтастырған.

СЕРІК НЕГІМОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

- Жарасбай Парламент Мәжілісінің депутаты болды. «Егемен Қазақстан»газетінде екі жыл істеді.Сонда астанада қалмай елге оралды. Мен неге кетіп барасың деп еді. Маған – «Соғымды өзім жемдеп, қаланың сыртында тұрып, мал бағамын. Бала кезімнен соны сүйемін» -деп жауап қайырды. Туған елін сүйітін, данышпандарын құрметтейтін адам осы Жәкеңдей болу керек. 

Жиында Жарасбайдың азаматтық, жолдастық, тәлімгерлік қасиеттері жайлы айтылды. Көпшілігі оны сан қырлы тұлға дейді. Бүгінде беткеұстар азаматтың өнегелі істерінен үлгі алып, соңынна еріп келе жатқан бауырлары аз емес. 

БАЛДЫРҒАН ІЛИЯСОВ, ЖИЕНІ, АУЫЛДАСЫ:

- Екіншіден бұл кісі аңшы болды. Түлкі мен қоянды бір оқпен атып алатын. Содан мергендігін біле беріңіз. 

Жарасбай Сүлейменовтың журналистика саласында атқарған қызметі мол. Әлі де сол саланың тізгінін ұстап, өңірлік БАҚ-тың абырой-қадірі үшін аянбай тер төгіп келеді.

НӘЗИРА ҚҰРМАНКИНА, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ СҚОФ МҮШЕСІ:

- Жәкеңменен облыстық телерадио компанияда 15 жылдай қызметтес болдым. Бастапқыда ол кісі қазақ радиосының өңірдегі меншікті тілшісі болып жүрді.  Кейін облыстық радиода директор болысымен қазақ тіліндегі хабарлардың көлемін көбейтуге көп күш салды. Облыстық телевизияға үлкен жаңалық әкелді. «Ойқамшы» (Ойтолқын) деген ток-шоу түріндегі бағдарламасын ашты. Онда жеке бастың, отбасының, қоғамның көкейкесті мәселесі талқыланды. 

Осылайша, Жарасбай Сүлейменов БАҚ саласының түрлі сатысында шыңдалды.  Бүгінде бар білгенін жастарға жалықпай үйретіп жүр.2018 жылдан бері болашақ журналистерге М.Қозыбаев атындағы СҚМУ дәріс оқиды.  

ГҮЛГҮЛ ҚУАТҚЫЗЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бұл кісі университтің журналистика кафедрасында дуалдық оқыту жүйесін ашты. Осылайша, студенттер оқудан қол үзбей телевидиние және газетте практика өтуге мүмкіндік алды.

Облысымызда «Журналистика» кафедрасының ашылуына ат салысқан тұлғалардың бірі. 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Жарасбай Сүлейменов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Құрметті профессоры атанды.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...