ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҰЛАНДАРЫН ҰЛЫҚТАДЫ

17:55, 10 қаңтар 2019

10 қаңтар – ҚР «Ұлттық Ұлан» Ұлттық гвардиясының құрылған күні. Аталмыш датаға орай Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өткен салтанатты жиында бірқатар азаматтар марапатталып, кейбірінің шендері өсті. Әскерилерді облыс әкімінің атынан құттықтаған оның орынбасары Антон Федяев ел тыныштығын қорғаған сарбаздар қашан да Отанына адал қызмет атқаратынын, оның бойына патриоттық тәрбие сіңіруде әскери оқу орнының еңбегі орасан екендігін жеткізді.

Мереке күні Ұлттық Ұлан әскери институты мен 66/37 әскери бөлімінің қызметкерлері, сарбаздары  орыс драма театр қабырғасына жиналды. Салтанатты түрде институт пен бөлімнің жауынгерлік тулары залға енгізіліп, Мемлеттік Әнұран орындалды. Ұлттық Ұланның құрылғанына 27 жыл толуына орай облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев аймақ басшысының құттықтау хатын жолдады.

АНТОН ФЕДЯЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әскери институт пен 66/37 әскери бөлімінің сарбаздары күнделікті қоғамдық тәртіпті қадағалап, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді. Олар тәулік бойы шекарамызды қорғап, қоғам мен мемлекеттің тыныштығын күзетуде. Сондай-ақ, олар қала мен облыста күнделікті болып жатқан шараларға да белсенді ат салысады. Биыл СҚО дамыту туралы кешендік жоспарға сәйкес Әскери институтқа 4 жаңа ғимарат салудың жобасы жасалады. Онда оқу корпусы, казарма, Тир жайғасады. 2021 жылға дейін бұл жоба толықтай іске асырылады.

Салтанатты шарада антына адал қызмет атқарғандар ерекше марапаттарға ие болды. Антон Федяев бірқатар азаматтарға облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстың бетін ашқандар да облыстық Полиция департаментінің алғысына ие болды.

ТАЛҒАТ МӘЛІКОВ, ҚР ҰҰ ӘИ ТАКТИКА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ӘСКЕРИ ТӘРТІП КАФЕДРАСЫ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Дәл үйдің қасында, подъездің қасында жұмыстан келген соң үш белгісіз адамды көріп, оларды 5 минуттай тосып отырдық, ақыры олар нашақор болып шықты. Оларды ұстап алып, 102 хабарласып, полиция шақырдық. Ол кісілер келіп олардың қалталарынан есірткі тапты.

ЕРХАН ЖАНЫСОВ, ҚР ҰҰ ӘИ БІРІНШІ ОҚУ БАТАЛЬОНЫ, 4 ВЗВОД КОМАНДИРІ:

- Іс-шарада СҚО Полиция департаментінің бастығының орынбасары Оразалиннің атынан алғыс хат алып жатырмын. ҰҰ сапында 2007 жылы Петропавл қаласының әскери инстутына оқуға түстім, 2011 жылы институтты тәмамдап, ҚР Шығыс өңірлік қолбасышылығында қызметімді бастадым.

Ата-бабаларымыз кең байтақ жерімізді қорғап, бүгінгі ұрпақ үшін аман есен сақтап берді. Бұл бізге берілген үлкен сый, - дейді әскерилер. Жалпы әскери институт тек қана батыл сарбаздарды емес, батыр жауынгерлерді де даярлап шығаруда.

МҰРАТ ШАПАШЕВ, ҚР ҰҰ ӘИ ӘСКЕРИ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Батырларды атап өту қажет, олардың ішінде Халық қаһарманы, полковник Үмбетов Қайрат, Ербол Отарбаев, Жандос Баянбаев, өзіміздің Әскери институттың 3 курс курсанты Бахтияр Қайырбеков те бар. Тағы да басқа батырлар абыроймен қызмет етіп жатыр.

Салтанатты шара әскерилер мен өнер иелері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...