ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ҰЛТЫМНЫҢ ҰМЫТЫЛМАС ҚАЗЫНАСЫ

20:48, 18 шілде 2018

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, публицист, Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы  Әбдірахман Айсариннің 120 жылдығына арналған еске алу кеші өткізілді. Жерлесіміз 1937 жылы саяси себептерге байланысты қамауға алынып, 1938 жылы Алаш ордасының негізін қалаушылардың бірі ретінде ату жазасына кесілген. Тағдыры қиын жазушыға арналған әдеби кеш туралы келесі бейнематериалымызда. 

Әбдірахман Көшерұлы Айсарин 1898 жылы Петропавл уезі, Аққұсақ болысы, Шоға  ауылында дүниеге келген. Троицк қаласындағы «Уәзифа» медресесінде оқып, 1919 жылы мұғалімдер курсын бітіреді. Көптеген жылдар бойы «Ұшқын», «Еңбек туы» , «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде, Петропавлдың уездік халық сотында қызмет атқарады.  1932-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл филиалын басқарып, «Болсаң, Болаттай бол», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны» және тағы да басқа еңбектерін жазып шығарады. Өкінішке орай, жерлесіміздің еңбектері жарыққа шықпай, жойылып кетеді.

АЙНАГҮЛ СЕКРЕНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: 

Бұл кісінің еңбектері жойылып кеткен.Тек қана 24-33 жылғы газеттерде шығарылған. «Бостандық туы, ұшқын» газеттерінде. Сондықтан әдебиетші ағаларымызға осы кісінің еңбектерін жинақтап бір кітап етіп шығарса деген мақсаттамыз.

Сталиндік үкімет жылдары көптеген адамдар үшін қиын уақытқа айналып, 1930 жылдары қазақ интеллигенциясы жаппай қырылып кетті. Әбдірахман Айсарин 1937 жылы саяси себептермен тұтқындалып, 1938 жылы «Алашорда» партиясының негізін қалаушылардың бірі ретінде өлім жазасына кесілген. Оның жары  Мадина «халық жауының әйелі» деген жаламен Алжирға тұтқынға түседі. Әбдірахманның соңынан қалған ұрпағы Айдын, Айман, Аян, Әзия туыстарының қолында тәрбиеленіп, жетімдік өмірдің қиыншылықтарын сезінеді.  Іс-шараға қазақ жазушысының жақын туыстары да қатысты. Олардың арасында жазушының немересі, біздің жерлесіміз Зияда Базарбаева да бар.

ЗИЯДА БАЗАРБАЕВА, Ә.АЙСАРИННЫҢ НЕМЕРЕСІ:

- Әбдірахман Айсаринның туыстарының атынан шын жүректен облыстық кітапхананың ұжымына, мұражайлар мен  Орынбасар Кочероваға осындай іс-шараны ұйымдастырып,  жоғары деңгейде өткізгендері үшін үлкен алғысымды білдіремін. Әбдірахман Айсарин өз елінің шынайы патриоты болды, қазақ әдебиетін қалыптастыруға және дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы.

Жерлес жазушымыздың бүгінгі таңда ешбір еңбегі сақталмаған. Туыстары алдағы уақытта жастарға мұра болып қалатындай еңбектері жинақталып жарыққа шықса екен деген ниетте.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Әбдірахман Айсарин

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
15:00, 7 тамыз 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ  КӘСІПКЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:35, 6 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАСАП ШЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар