ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҮШ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

20:41, 9 желтоқсан 2019

Өткен демалыс күндері өңірдің республикалық маңызы бар жолдарында 3 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оның біреуі көктайғақтың салдарынан болған. Арна тілшілері мамандармен кездесіп,  аса қауіпті маусымда жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанығын білді. 

Желтоқсанның 7-сі күні Уәлиханов ауданының  орталығы Кішкенекөл селосының маңында жол көлік оқиғасы болды. Полицейлердің мәліметінше   рөлде отырған  азамат көктайғақ салдарынан көлік тізгіненен айырылып, машина  аударылған.  

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Екінші жол көлік оқиғасы Қызылжар ауданында. Жүргізуші көлік арасындағы қашықтықты сақтамай, соқтығысқан. Ал үшінші жол көлік оқиғасы Шал ақын ауданының Кеңес ауылының жанында  орын алды. Жүргізуші жылқыны соққан. 

Облыс бойынша республикалық маңызы бар  жолдардың ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Оларды қалыпта ұстап, жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ай сайын 90 млн теңге қаражат бөлініп тұрады. Бұл ақшаға мамандар құм, тұз жәнекөктайғаққа қарсы материалды сатып алған.

ЕРЛАН ҚАЛЫМОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ»ҰК» АҚ СҚОФ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Республикалық жолдарды қардан тазартып отыру үшін  98 арнайы техникамыз бар. Оның 13-ші биыл сатып алынған. Мердігер компания  2200текше метр құм мен 260 тонна тұз дайындады. Оған қоса көктайғаққа қарсы 630 текше метр арнайы материал сатып алынды. 

Республикалық маңызы бар автожолдарда ескертуді елемей аязды, боранды күндері және көктайғақта жолға шыққандар үшін  11 жылыту бекеті жұмыс істейді. Алайда, сақтықта қорлық жоқ демекші, мамандар қыстың осындай қолайсыз күндері алыс жолға шықпауға кеңес береді. 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ның МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 570 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ ТӨЛЕНДІ
20:40, 24 шілде 2020
СҚО-ның МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 570 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ ТӨЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...