ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ҮШІНШІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛ-МАСКАРАДЫ ӨТТІ

18:32, 16 мамыр 2018

Петропавлда Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық бал-маскарады өтті. Акцияға 300-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Айта кетейік, жиналған қаражат ауыр дертке шалдыққан 3 бүлдіршіннің ем-домына жұмсалады. Сән-салтанаты жарасқан жоба жайында әріптесім Нұрбол Балғабеков толықтырсын.

Қайырымдылық балының басталуына санаулы минуттар қалды. Әр қатысушының бойында қобалжу бар екені көрініп тұрды. Айта кететін жайт, осымен үшінші рет ұйымдастарылып отырған балда қаланың кәсіпкерлері бас қосты.

ӘСЕМГҮЛ ЕСҚОЖА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ  БАСШЫСЫ:

Бүгін келген қонақтарымызға, ауданнан келген меценаттарға, қаламыздың бизнесмендеріне үлкен алғысымызды айтамын. Біздің шақыруымызға келіп, осындай кешке науқас балаларға ақша қаражат жинап, оларға көмек көрсеткендері үшін,  әрине де, бүгін міне қаншама жастарды көрдіңіздер.

Былтыр қайырымдылық балында 3 млн 600 теңге жиналған болатын. Бұл ақша ауыр дертке шалдыққан кішкентай бүлдіршіндердің өмірін сақтап қалуға жұмсалды.   

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Тынымсыз еңбек пен ұйқысыз түндер. Дәл қазір өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай іріктеуден өткен ең үздік 30 жұп өз өнерлерін ортаға салуда. Осылайша олар қайырымдылық балдың көркін қыздыруда.

АРҒЫН ШҮКЕНОВ, III ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛ-МАСКАРАДЫНЫҢ ДЕБЮТАНТЫ:

- Бұл қайырымдылық балға мен екінші рет қатыстым. Және де біз бұл балға 5-ай бойы дайындалдық 

АЛЬБИНА БАЯЗИТОВА, III ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛ-МАСКАРАДЫНЫҢ ДЕБЮТАНТЫ:

- Қиын болды. Көп дайындалдық . Жаңа достар таптық. Өте қуаныштымыз.

Сонымен қатар, шарада тұңғыш рет кішкентай бүлдіршіндер өнер көрсетті. Олардың арасында апалы-сіңлілі  Даниа  мен Дилана Құдайберген де бар.  

ДАНИА ҚҰДАЙБЕРГЕН, III ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛ-МАСКАРАДЫНЫҢ ДЕБЮТАНТЫ:

- Күшті болды. Басқа балалармен  тез тіл табысып кеттік. Олар мейірімді жандар.

ДИЛАНА ҚҰДАЙБЕРГЕН, III ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛ-МАСКАРАДЫНЫҢ ДЕБЮТАНТЫ:

-  Балалардың ауырмағанын қалаймын. Жақсы биледік. Өте қуаныштымын.

Айта кетейік, биылғы шара дарынды жастарды анықтап қана қоймай, оларды игі-істерге атсалысуға   шақырады. Кешке арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет жобаның маңыздылығын атап өтті.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елбасы қолдауымен ашылған Қазақстан халқы ассамблеясының игі бастамасы жыл сайын қайырымдылық шараларды өткізу үлкен жетістік.Жыл сайын қайырымдылық балына өңіріміздің азаматтары мен азаматшалары кәсіпкерлер қолдау көрсетіп келеді. Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзін көресің деген халық даналығы. Сіздердің қолдауларыңыз мына жас балалардың толыққанды өмір сүрулеріне жағдай жасайтын болады.

Қайырымдылық балының  негізгі мақсаты – ауыр дертке шалдыққан  Әмір Ғабдуллин, Карина Баймолдина мен Владислава Головыринаға  көмек қолын созу.

РАШБИЛЬ ЕВДАЕВ,  ЕВРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Балаларды қолдауға әрқашанда әзірміз. Өз басым қайырымдылық балына 3-рет қатысудамын. Біз ауырсақ та бүлдіршіндер ауырмасын. Олар әлі кішкентай ғой. Біз олардың өмірлері үшін қатты алаңдаймыз.

Қайырымдылық шара барысында аукцион өткізілді. Биыл саудаға 28 лот қойылды. Олардың арасында белгілі спортшылардың қолтаңбасы бар жейделер, сонымен қатар, қыл қалам шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдары бар. Аукционда  солтүстіказақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақияновтың спорттық киімін алу үшін  тағыз тартыс басталды.

Сонымен бұл жейдені 800 мың теңгеге жергілікті кәсіпкерлер Андрей Исаков пен Оксана Захарова сатып алды. Олар жыл сайын   кем дегенде 1 млн 300 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді.  

АНДРЕЙ ИСАКОВ, КӘСІПКЕР:

 Ұйымдастырушыларға рахмет! Кеш жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар жерлесіміз Жанат Жақияновқа алғысымды білдіремін. Ол біздің елімізді күллі әлемге танытты. Енді бұл қаражат Әмір Ғабдуллин, Карина Баймолдина мен Владислава Головыринаға көмектеседі деген ойдамын. Оларға денсаулық тілеймін.

ОКСАНА ЗАХАРОВА, КӘСІПКЕР:

- Бұл қаржылай көмек мұқтаж жандарға септеседі деген ойдамын.Олар ауырмаса деймін. Мәселе ақшада емес. Ең бастысы – бұл балалардың өмірін сақтап қалғымыз келеді.

Сонымен, игі-іс шараның  қорытындысы бойынша 4 млн 640 мың теңгеден  астам қаражат жиналды. Шара соңында балға қатысушылар флешмоб билеп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қайырымдылық бал, бал-маскарад

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
15:00, 7 тамыз 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ  КӘСІПКЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:35, 6 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАСАП ШЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар