ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЗАМАНАУИ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ

17:51, 12 маусым 2019

 

Петропавлда 500 орынға арналған заманауи ауруханының құрылысы биыл басталады. Нұр-Сұлтан қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақалов және «YDA холдинг» түрік компаниясының төрағасы Хусейн Арслан көпсалалы аурухана салу жөніндегі меморандумға қол қойды. Жаңа аурахана Түркия елінің соңғы үлгідегі заманауи қондырғыларымен жабдықталып, жоғары технологиялар қолданбақшы.  Әріптесім, Жанбота Сентаева тарқатсын.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу туралы келісімге қол қою рәсіміне ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысты. Рәсім барысында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн Петропавлда көпсалалы аурухана салу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұл Петропавл қаласының жаңа «Шығыс»  ықшам ауданында бой көтеретін көпбейінді аурухананың үлгісі. Ғимарат ішіне облыстық аурухана, СҚО онкологиялық диспансер, облыстық перинаталдық орталық, облыстық тері-венерологиялық диспансер, СҚО кардиологиялық орталық, инфекциялық бөлімше және жедел-жәрдем станциясы кіреді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін бір жыл көлемінде инвесторлармен келіссөздер жүргізілген. 500 орынға арналған көпсалалы аурухана, тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік жоба.  Аталмыш емделу орталығының арқасында облыста медициналық туризм саласы дамымақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Петропавл қаласының стратегиялық бағыты бар. Біз шекарада орналасқандықтан, жанымдызда көрші елдің ірі өңірлері бар. Ол жерлерде шамамен 6 млн адам тұрады. Денсаулығы сыр берген осы тұрғындардың әрбіреуі, біздің болашақ емделушілеріміз деп айтсақ болады. Сондықтан, біз осы бағытта жолдарды жөндеп, шекарадан өтетін жердің аумағын үлкейттік. Және Петропавл қаласына жақын орналасқан Көкшетау тұрғындары да біздің емдеу орталығына жүгіне алады. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласына дейін аралық 3,5 сағат болса, біздің қалаға жету үшін небәрі 1,5 сағат.

«YDA холдинг» түрік компаниясы Қазақстан елімен 18 жыл үзбей жұмыс істеп келеді.  Әлем бойынша жалпы құны 10 млрд доллардан аса заманауи ауруханалар салған. Компания өкілдері өңірдегі денсаулық саласында бұрын соңды болмаған заманауи стандарттарды енгізбек.   Айта кеткен жөн, жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асқандықтан, түрік компаниясы емдеу орталығын салып қана қоймай, басқаратын болады. Сонымен қатар, холдинг директоры Хусейн Арслан, қазірден бастап дәрігерлерді оқыту қажет екендігін атап өтті.

АРСЛАН ХУСЕЙН,  «YDA HOLDING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Заманауи құрылғылардың көбі Түркия елінде жасалған, сонымен қатар Еуропалық қондырғыларда болады. Құрылыс жұмыстары басталған уақыттан бастап, қатар біздің түрік дәрігерлері, сіздердің мамандарыңызды оқытсақ дейміз. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін  шетелдік дәрігерлерді тартамыз. Өйткені, заманауи технологиялармен жабдықталған ауруханада жоғары дәрежелі мамандар болса, емделушілер саны да артпақ.

Елбасының тапсырмасы бойынша, Петропавлда көпсалалы аурухана жанынан дәрігерлерге арналған көпқабатты үй де бой көтереді.

АРСЛАН ХУСЕЙН, «YDA HOLDING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Облыстық аурухана болған соң, келушілер саны өте көп болады. Сондықтан, аурухана жанынан отбасы үлгісіндегі 50 орынға арналған қонақ үй салсақ, және міндетті түрде балабақша болуы тиіс. Бұл ата-аналар емделу орталығына келген уақытта, ештеңеге алаңдамай, толық тексерілуден өтуге мүмкіндік береді.

Облыстық көпбейінді аурухананың құрылысы халыққа бір жерде сапалы медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік бермек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз үшін ең маңыздысы, облыс тұрғындары өңірден тыс жерге кетпей-ақ, Петропавл қаласында сапалы қызмет түрін ала алады. Үздік дәрігерлер соңғы үлгідегі заманауи қондырғыларда жұмыс істейтін болады.

Жаңа ғимаратта өңірде бұрын соңды болмаған пневмопошта жүйесі орнатылады.  Бұл жүйе дәрігерлердің уақытын үнемдеуге септеседі. Ол дегеніміз, зертханадағы барлық талдаулар әр кабинетке автоматты түрде жеткізілетін болады. Яғни мамандар сараптамаларды дәрігерлерге өздері таратып сабылмайды. Және де емделушілерге бір орынды, екі орынды  және VIP бөлмелер қарастырылған. Түрік компаниясы директорының мәліметінше, жалпы құрылыс жұмысы 2,5-3 жылда аяқталмақ. 

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

БІР АПТА ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 26 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
20:38, 9 желтоқсан 2019
БІР АПТА ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 26 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...