ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚЫСҚЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ

20:38, 19 ақпан 2019

Солтүстік өңірдің ұзақ, әрі аязды қысында жабайы жануарларға азық табу қиын. Осы кезде оларға көмекке қорықшылар келеді. Жаз бойы дайындалған сыпырғыштар, жемазық – орманды мекен еткен аңдардың қыстан аман шығуына септеседі. Есіл ауданындағы "Красный бор" жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту мемлекеттік мекемесінің аумағы 60 мың гектардан астам. Бұл жерде жабайы жануарлардың онға жуық түрі мекендейді. Мекеме қызметкерлері аңдарға арнап арнайы азықтандыру алаңдарын әзірлеген.

Мекеме аумағын марал, бұғы, елік, түлкі, доңыз, қоян секілді аңдар мекен еткен. Соңғы есеп бойынша қорықта тек маралдың саны ғана қазір 1000-ға жетіпті. Оларға қар астынан азық табу қиын.

ВИКТОР КРОТЕНКО, АҒА ҚОРЫҚШЫ:

- Маралдар жойылып кетепуі үшін уақытылы қоректендіріп тұруымыз керек. Бізде 13 астау және 5 азықтандыратын алаң бар. Доңыз үшін де бидайды және қайын сыпырғыштарын, шөпті арнайы алдыртамыз. 

Жаз мезгілінде маралдар жемазықтан қысылмайды. Өйткенй, қорық аумағының шөбі шүйгін, суы жеткілікті. Ал қысқа қажетті жемазық пен қайың сыпырғыштарын орман мекемелерінің қорықшылық қызметі жаз айында әзірлейді. Қазіргі уақтты резервтік қорда 16 аңшылық алқап немесе шамамен 3 млн гектар жер бар.

ЕРЛАН ТӘШІМОВ, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Қар жамылғысы өте қалың болған кезде қосымша азық беру қажет. Сонымен қатар жануарлар өздеріне азық табулары үшін жолдарды қардан тазартамыз. Өткен жылы 35 мың сыпырғыш, жеткілікті мөлшерде шөп пен тұз әзірленді.

Жабайы жануарлар наурыз айының соңына дейiн қолдан азықтандырылатын болады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
21:30, 17 мамыр 2019
СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...