ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

ЖАС ЖАУЫНГЕР - 2019

21:02, 12 ақпан 2019

Интернационалист жауынгерлердің құрметіне орай тағы бір шара  Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде өтті. «Жас Жауынгер 2019» әскери-спорттық ойындардан жарыс ұйымдастыру – игі дәстүрге айналған. Биыл оған 7 орта арнайы білім беретін оқу  ордасы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Сайыс нәтижелері бойынша бірінші орынды Теміржол көлігі колледжінің құрамасы иеленді.

Кедергілер жолағы. Жылдам магазинді снарядтау немесе разрядтау, Калашников автоматын жинап-шашу, противогазды кию, белгіленген межеге тез жету. Осы талаптарды қысқа уақытта орындаған және ешбір ережелерді бұзбаған құрама жеңіске жетеді.

ВИТАЛИЙ ГУТЕВИЧ, САЙЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Осы жылы Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарысқа өткен жылдармен салыстырғанда қатысушылардың саны көбірек. 7 құрама қатысуда. Әр командада 6 адам. Жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталады.

Әскери эстафетаға Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенттері екінші жыл қатарынан қатысты. Жас сарбаздар өткен жылы үшінші орынға жайғасқан екен. Дайындығымыз жақсы, қарсыластарымызға шаң жұттырып жеңімпаз атанатынымызға сенімдімін дейді топ командирі Ерқуат Топбасы.

ЕРҚУАТ ТОПБАСЫ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТІ:

- Осы сайысқа біз Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің намысын қорғап келіп отырмыз. Біздің топта 6 адам бар. Мен осы топтың командирімін. Біз осындай сайыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Алдынғы жылы да қатыстық. Келер жылы да қатысамыз деп үміттенеміз. Бізде осылай ағаларымыз, аталарымыз секілді Отанымызды қорғағымыз келеді.Осындай сайыстарға қатысқан ұнайды өзімізге.

Сайыстың әділ өтуін және барлық ережелердің сақталуын қадағалау үшін бүгінгі жарысқа интернационалист жауынгерлер арнайы шақырылды. Олар қатысушылардың өнерін бағалап қана қоймай, жастармен өз естеліктерімен де бөлісті.

СЕРІК ӘБІЛЕВ, ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕР:

- Біз осылайша Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлерге құрмет көрсетудеміз. Сұрапыл соғыстың а яқталғанына қарамастан сол күндер туралы естеліктер және сарбаздар мәңгі есімізде қалатыны анық. Жас буын өкілдері соғыстың не екенін міндетті түрде білулері қажет. Осы ойындар жігіттердің бойында патриоттық сезімді ұялатуға, өз Отанын сүюге, құрметтеуге үйретеді.

Сайыс нәтижесі бойынша теміржол көлігі колледжінің құрамасы бірінш, медициналық колледждің тәрбиеленушілері екінші орынды алды. Ал  үшінші орынға тағы да Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің жас сарбаздары жайғасты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
17:55, 25 сәуір 2019
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...