ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЖЕЛТОҚСАН ҚАРЛЫ БОЛАДЫ

14:40, 6 желтоқсан 2018

Желтоқсан қыстың алғашқы, ал жылдың соңғы айы. Биыл облыста ол қарлы әрі аязды болмақ. Синоптиктер осылай деп отыр. Халықтың жорамалы мен мамандардың  болжамы қаншалықты сәйкес келеді тілшіміз біліп қайтты.

Осыдан 50 жыл бұрын Петропавлда желтоқсанның басында ауа температурасы - 44 градусқа дейін төмендепті. Ал 1959 жылдың соңғы айы ең жылы қысқы ай ретінде тіркелді. Онда күн +5 гардусқа дейін жылынған. Биылғы қыстың алғашқы айы қандай болмақ? Мамандардың айтуынша алғашқы он күнде ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5-10 градус аяздан 20-25, кей жерлерде 30 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аяздан 15-20 кей жерлерде 25 грдус аязға дейін төмендейді. 

Желтоқсан қарлы болса, егін бітік шығады. Бұл халық жорамалы. Синоптиктер биыл желтоқсанда жауын-шашын мол болады деп отыр. Тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы бүгінде 38 мм ге жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артық. Әрі мереке күндері аяз да қатая түспек.  

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Үшінші он күндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде 25,30 кей жерлерде 35 градус аязға, күндіз 20,25 кей жерлерде 30 градус аязға дейін төмендейді. Одан кейін түнде 10,15, кей жерлерде минус 15 градус аязды көрсетпек.

Сонымен қатар, ай бойы тұман, көктайғақ және қатты жел де күтілуде.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
20:06, 16 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...