ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ЖҰМЫРТҚА ЭКСПОРТЫ ЖАНДАНДЫ

17:56, 6 маусым 2019

Ресей мемлекеті біздің өңірден экспортталатын құс пен инкубациялық жұмыртқаға уақытша шектеуді алды. Облыстағы 5 құс фабрикасы маусымның 3-інен бастап қайта көрші елге өз өнімдерін сата алады.

Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО Айыртау ауданында Ньюкасл ауруының табылуына байланысты көрші мемлекет былтыр қыркүйектің 26-сынан бастап шекарадан құс пен инкубациялық жұмыртқаны өткізуге уақытша тыйым салған еді. Өңірдің кәсіпкерлері шамамен 8 ай бойы Ресей мемлекетінің нарығына шыға алмады. Эпизоотикалық жағдайдың жақсаруына байланысты Россельхознадзор құс пен құс өнімдеріне шектеулерді алды. Мамандардың айтуынша, қазір өңірде 7 құс фабрикасы бар. Олардың бесеуі өнімді Ресейге экспорттайды. Соңғы үш жылда жұмыртқа сатылымы 11,7 млн-нан 33 млн данаға жеткен. 2018 жылдың жарты жылында 442 млн теңгенің 27 млн дана жұмыртқасы көрші елге шығарылған екен. Ал биыл жарты жылдың ішінде жергілікті кәсіпкерлер Россельхознадзордың шектеуінен кейін жарты млрд теңгеге шығын шекті.

Тақырып бойынша материалдар

БІР АПТА ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 26 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
20:38, 9 желтоқсан 2019
БІР АПТА ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 26 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...