ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫ КЕНТІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ

18:00, 16 қыркүйек 2019

19 қыркүйек күні  кешкі жеті жарымдар шамасында Петропавлдағы Островский көшесіндегі  103 үйде өрт шықты.

Оқиға орнына санаулы минуттарда жеткен мамандар өрттің моншадан шыққанын көрген. Жарты метр жерде орналасқан тұрғын  үйге тарап кетудің қаупі жоғыры болғандықтан өрт сөндірушілер қосымша техниканы жұмылдыру туралы шешім қабылдайды. Қасындағы баспананы аман алып қалғанмен, монша мен үйілген 5 текше метр отын түгел жанып кетті.Абырой болғанда,  моншада бұл кезде ешкім болмаған. Бір айта кететіні, жыл басынан бері жұмысшы кентінің өзінде 30-дан астам өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам көз жұмды.

РЕНАТ АЙТПИШЕВ, ПЕТРОПАВЛ  Қ. №4 ӨБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өртті ауыздықтауға Петропавл қаласының 3 өрт сөндіру бөлімшесі қатысты. Жалпы жеке құрамның 25 адамы мен 10 техника жұмылдырылды.  Алдын ала болжам бойынша, өрт моншадағы пешті дұрыс қолданбаудан шыққан.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...