ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫ ЫСТЫҚ БУҒА КҮЙІП ҚАЛДЫ

20:35, 8 қаңтар 2020

Қаңтардың 7-сі күні Петропавл – №2 жылу электр орталығында кәсіпорын жұмысшысы Иван Семендеев күйік алды. Денесінің 80 процентін күйік шалған ол қазір ауыр халде №3 қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Өндірістік жарақат алған жұмысшы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл облысты электр және жылумен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорын. Зардап шеккен Иван Семендиев мұнда 7 жыл еңбек еткен. Тәжірибелі машинист осыған дейін өз жұмысын ешбір мүлтіксіз атқарып келіпті. Орталықтың бас инженерінің міндетін атқарушы Вадим Ягодиннің айтуына қарағанда,ол  қазандықтан шыққан буға күйіп қалған.  

ВАДИМ ЯГОДИН, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ПЕТРОПАВЛ №2 ЖЭО БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ М.А.:

- Қазандықтан шығатын күлді тазалайтын арнайы автоматтандырылған құрылғы істен шығып, қолмен тазалауға тура келген. Ал күлді  жоғары температуарадағы су шайып тұрады.  Жұмыс барысында күл мен бу оның денесін күйдірген.

Иван Семендиевтің күйіп қалғанын көрген әріптестері дереу жедел жәрдәм шықыртқан. Қазір зардап шегуші №3 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша денесінің 80 процентін күйік шалған. Жағдайы мүшкіл көрінеді.

МЕЙРАМ ОСПАНОВ, №3 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ АУРУЛАРЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

- Кеше кешке сағат тоғыз кезінде бізге жәдел жәрдем қызметінің көлігімен әкелді. Ыстық күлге түсіп кетіпті. Сонда түскенде бүкіл денесі аяғынан бастап бетіне дейін бәрі күйіпті. Қазір шокқа қарсы ем жасап жатырмыз, жағдайы қиындау қалай болатыны белгісіз.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша 43 жастағы Иван Семендиевтің отбасы жоқ, сондықтан болған жайтты туыстарына хабарлаған. Сондай-ақ қажет көмектің барлығын жасауға әзірміз дейді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арнайы комиссия құрып, мән-жайды анықтамақ. Ал полицейлер болс, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...