ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН 10 АДАМДЫ ПОЙЫЗ ҚАҚТЫ

20:43, 12 қыркүйек 2019

Былтырға қарағанда осы жылы темір жолдың бойында оқыс оқиға жиілеДІ. Биыл 10 солтүстікқазақстандықты пойыз қағып кетті. Оның 8-і сол жерде жан тапсырған, екеуі ауруханада жатыр. Облыс аумағында алдын алу шарасы жиі өткізілгенімен, ережені бұзатындардың қатары кемімей отыр. Оқу жылының басталуына байланысты өңірде «Темір жолдағы балалардың қауіпсіздігі» акциясы басталды. Тілшіміз Берік Қасен толықтырсын.  

Таңертең жұмысқа, сабаққа, өзге де шаруамен қаланың орталығына баратындар жетерлік. Жұмысшы кентінің тұрғындары күн сайын осы жермен өтеді. Заң бойынша арнайы белгі жоқ орындардан өтуге тыйым салынған.  Алайда ережені елеп, ескеріп жатқан ешкім жоқ. Юрий Лапшин де темір жолдан өтуді әдетке айналдырған. Айтуынша, өткелдер алыс.

Қала орталығы мен Жұмысшы кентінің арасында 8 М автобусы қатынайды.

Бірақ тұрғындардың көбі жол қысқарту үшін темір жолды кесіп өтіп, 31-ші автобусқа отырады. Адамдар бірінші кезекте уақыт пен ақшаны үнемдегісі келеді. Ал қауіпсіздік екінші орында. Мұны олар әлдеқашан қалыпты жағдайға айналдырған. Үлкені, кішісі  ережені елемейді.

ҰЛЖАН ЖАРҚҰЛОВА, ПЕТРОПАВЛ СТ. ЖПБ ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:

- Жыл басынан темір жолдың белгіленбеген тұсыннан өту бойынша 1154  факт анықталды. 4 жағдай бойынша темір жолдың бойында мал жүрген. Барлығы 1150 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. 

Айыппұлдың мөлшері аз емес. 7,5 мың теңге. Бірақ бұл амал заңбұзушыларды тәртіпке келтіріп жатқан жоқ. Адам шығыны да тоқтау емес. Жыл басынан 8 тұрғынды пойыз қағып кетіп, сол жерде жан тапсырды. 2-еуі дене жарақатын алған. Оқыс оқиғалардың дені Булаев станциясында болыпты. Қазіргі таңда оқушылардың өмірін сақтау міндеті тұр.  Оқу жылының басталуына байланысты өңірде «Темір жолдағы балалардың қауіпсіздігі» акциясы басталды. Жедел алдын алу шарасы қазан айына дейін жалғасады. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар