ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН 187 МАЛ ҰРЛАНДЫ

20:48, 11 шілде 2018

Облыс бойынша тіркелген қылмыстың 70 пайызы ұрлыққа қатысты. Бұл туралы СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов журналисттермен болған баспасөз мәслихатында айтты.

Облыс төңірегінде тіркелген ұрлық-қарлықтың басым бөлігі пәтер тонауға қатысты. Жарты жылда 458 пәтерге қарақшы түскен және 325 ұялы телефон қолды болған. Ал елді-мекендерде 187 мал ұрлығы тіркелген. Алайда құқық қорғаушылардың сөзінше бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда әлдеқайда төмен. СҚО халқының басым бөлігі ауылдарда тұрады.  Полиция қызметкерлерінің сөзінше ұрланған үй жануарының 111-і жылқы, 59 ұсақ мал және 17-сі ірі қара. Соңғы кездері оларды іздеу үшін квадракоптерлер де пайдаланып, оң нәтижесін беруде.

ПЕТР КЛИМОВ, СҚО ІІД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Соңғы 5 жылда ұрлық көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен 2013 жылы  облыс төңірегінде 6599 қылмыс орын алса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 4429-ға дейін төмендеді. Оларды ашуға полиция қызметкерлерінен бөлек, қала тұрғындары да зор көмек көрсетуде. Мәселен «Көршілер бақылауы» бағдарламасымен көптеген қылмыскер ұсталды және бұл тәжірибені өзге облыстар да қолданып жатыр.

Самат САПАРАЛЫ

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мал ұрлау, ауыл

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ
11:39, 21 қараша 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛҒА ПРАВОСЛАВТЫҚТАР ҮШІН ҚАСИЕТТІ БЕЛБЕУ ЖЕТКІЗІЛДІ
20:56, 19 қараша 2018
ПЕТРОПАВЛҒА ПРАВОСЛАВТЫҚТАР ҮШІН ҚАСИЕТТІ БЕЛБЕУ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
17:04, 14 қараша 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Толығырақ...