ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А. АЙМАҒАМБЕТОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН 23 АДАМ СУДА ҚАЗА ТАПТЫ

17:53, 16 тамыз 2019

Шомылу маусымы аяқталғанымен, балықшылар жыл он екі ай судың маңынан табылады. Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан 23 адам суға кеткен, оның 3 балықшы. Балық аулау кезіндегі түрлі оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушылар кезекті ақпараттық-профилактикалық жұмыстар өткізді.

- Оперативно-спасательный отряд проводим рейд по прафилакти несчастных...

Мұндай ескертпелерді Төтенше жағдай мамандары балықшыларға күнделікті таратады. Николай Медведенконың Есіл өзені маңында саяжайы бар, балық аулауды ұнататын ол жыл он екі ай су басынан табылады. Балықшы қауіпсіздік ережелерін ұмытпайды екен.

НИКОЛАЙ МЕДВЕДЕНКО, БАЛЫҚШЫ:

-Таңғы 5-тен осы жерде отырамын. Қауіпсіздікті ұмытпау керек, бұл әр адамның өзі үшін қажет қой. Құтқарушыларды жиі кездестіремін. Барлық айтқан кеңестеріне құлақ салып,  балық аулаймын. 

Мамандар Есіл өзеніне күніне 4 мәрте рейдке шығады. Ауа райы біршама салқындағанына қарамастан, рейд барысында, суға шомылып жүргендерде жоқ емес. Жалпы, жұмыс күндері балықшылардың саны 10 асса, демалыс күндері бұл көрсеткіш бірнеше есе көбейеді, дейді құтқарушылар.

СЕРГЕЙ ЧЕРКАСОВ, СҚО ТЖД ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Құтқарушылар ауа райына қарамастан, күніне 4 мәрте, Есіл өзені және Пестрое көлінде оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Біз парақшалар таратып, ескерту жасаймыз.

Жыл басынан облыстың 23 тұрғыны түрлі жағдайда суда қаза тапқан. Көп жағдайда  қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстанбау негізгі себеп болып жатады дейді мамандар.

ЖАНБОТА СЕНТАЕВА, ТІЛШІ:

- Жыл басынан облыс бойынша 3 балықшы суға кеткен оқиға тіркелді. Осыған орай ТЖ қызметкрелері қауіпсіздік шараларын көбейтті. Бүгін біз арна тілшілері ТЖ мамандарымен бірлесе Есіл өзені мен Пестрое көлінде балықшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мынадай ескерту қағаздарын тараттық.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...